Астанада Церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылды

15/11/2017

Астана қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 8 мекенжайы (№1 Перинаталды орталық) бойынша Церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған «Балапан» ерте араласу оңалту орталығы ашылды.

Бұл Қазақстандағы туғаннан бастап екі жасқа дейінгі оңалтумен айналысатын алғашқы орталық. Мұнда ай сайын аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінен 56-ға жуық баланы қабылдау жоспарланған. Оңалту курсы 10 күнге созылады.

Ашылу салтанатында «Қасиетті жол» Қайырымдылық қорының құрылтайшыларының қатарынан Динара Закиева, «Балапан» орталығының директоры Әсел Абілхадірова, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Қамалжан Надыров, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас болды.

Орталық «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының «Сау балалар» бағдарламасының аясында ашылды. 

Орталықтағы балалар әр 2-3 ай сайын оңалту курстарынан өтіп тұрады деп жоспарланған. Бұл бала дамуының ерте сатыларында жан-жақты оңалту көмегін көрсетіп, церебралды сал ауыруына шалдығу қаупі бар балалардың даму әлеуетін жақсартуға үлкен мүмкіндік береді.

Анықтама:

«Қасиетті жол» Қайырымдылық қоғамдық қоры 2009 жылы Қазақстанда балаларға қолжетімді және сапалы ем беру мен қайырымдылық көмек көрсету мақсатында құрылды. "Samruk-Kazyna Trust" қорының қолдауымен 9 Балалар үйі сапалы оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, 2014 жылы Астана қаласында аз қамтылған отбасылар мен балалар үйіндегі нейро-ортопедиялық потологиясы бар балаларға арналған көпсалалы оңалту орталығын ашты. 2017 жылы  Шымкент қаласында да церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылады.

Comments are closed.