ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Қазақстан мұғалімі» жобасына өтінім қабылдау мерзімі 15 тамызға дейін ұзартылды

28/07/2021

Елімізде «Қазақстан мұғалімі» республикалық жобасына өтінімдер қабылдау жалғасуда, құжаттарды өткізу мерзімі 2021 жылғы 15 тамызға дейін ұзартылды.

Конкурстың мақсаты, озық мұғалімдерді анықтау, оларға қолдау көрсету және мадақтау болып табылады. «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы 4 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады.

«Қазақстан мұғалімі» сыйлығы сыйақы қоры 1 миллион АҚШ доллары болатын Дүниежүзілік Нобелев сыйлығына балама болып табылатын «Әлем мұғалімі» жаһанды жобасының аясында өткізіледі. Дүниежүзінде мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында сыйақыны Варке Қоры тағайындаған.

Номинаттарды іріктеу Жаһанды сыйлығының ұйымдастырушысы болып табылатын Варке Қорының белгілеген критерийлеріне сәйкес жүргізіледі. Ұлттық сыйлығының іріктеу процесі мен бағалау процесінің ашықтығын бақылауды Халықаралық аудиторлық компания жүргізеді. 2022 жылғы «Әлем мұғалімі» Жаһанды Сыйлығының иегері атағына ие болу үшін, дауыс берудің 2 кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстаннан 10 финалист анықталатын болады.

Сондай-ақ биылғы жылы «Болашақ мұғалімі» атты жаңа бағыт іске қосылатын болады. Жоба аясында 10 ЖОО-нан педагогикалық кадрлар дайындайтын бағыттарда білім алатын жоғары курстардан 10 үздік студент іріктеп алу жоспарланып отыр. Және «Әлем мұғалімі» Жаһанды Сыйлығының иегері атағына ие болған 10 мұғалім  олардың тәлімгерлері  болады. Өтінімді: www.teacherprize.kz сайты арқылы беруге болады.

Жобаның бастамашысы Қоғамдық маңызды жобаларды дамыту қоры болып табылады. Бас серіктес - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Корпоративтік қызметтің басшысы - «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Иргебаев: «Samruk-Kazyna Trust» Қоры үшін балаларға қолдау көрсету, соның ішінде сапалы білім беру арқылы қолдау көрсету өте маңызды. Ал ол үшін біздің педагогтарымызды дайындау сапасын жақсартып, осы мамандықтың мәртебесін көтеру керек. «Жыл мұғалімі» сыйлығы педагогтар үшін қосымша ынталандыру болады, ал конкурс қорытындылары бойынша 30 үздік ауыл мектебі алатын гранттар оқу орындарындағы білім беру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Өткен жылы біздің Қор «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан білім беру саласында 4 жобаны іске асырғанын атап өткім келеді», - деп атап көрсетті.

«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының жобасын жүзеге асыру аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 30 басымды ауыл мектептеріне 1 млн. теңгеге дейінгі көлемде «Barine Bilim» атты шағын гранттар «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен бөледі.

Ұлттық Сыйлық иегерлерін салтанатты марапаттау 2021 жылғы 24 қыркүйекте Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында өтеді. Формат шараны бір жерде және барлық санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып өткізуді көздейді.

Добавить комментарий