Астаналық №10 мектеп-гимназиясының көру қабілеті бұзылған балаларға жаңа арнайы жабдықтар тартылды
10/07/2017
Брайль жүйесі бойынша жазу аппараты, оқитын машиналар, термоқағаз – барлығы оқыту дидактикалық материалдарының 15 түрі №10 мектеп-гимназиясының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 162 дана құралдары алынды.
Астаналық мектеп-гимназияның коррекциялық кабинеті екі жыл бойы жұмыс істеп жатыр. «Өткен жылдың аясында бізде тек қана алты бала оқыған – олардың ішінде көру қабілеті бұзылған балалармен бірге соқыр балалар болған. Қазір олар екінші сыныпқа ауысады. Бүгінгі күнде біз бірінші сыныпқа алты балаларды қабылдап жатырмыз, топ қалыптастырылды» - деп, №10 мектеп-гимназияның оқытушысы Сәуле Сағымбаева атады.
Мұғалімнің айтуынша, бір сыныпта оқи алатын балалардын ең үлкен саны – 6 оқушы. Әрбір балаға арналған жеке тәсілі болуы керек және оқу барысында көбінесе ата-аналар қатысып отырады.
Арнайы коррекциялық сыныптың бір сабағының ұзақтығы кәдімгі сабақпен тең – 45 минут. Бірақ, бүған қарамастан, бала 45 минуттың ішінде жаңа білім алып, жеке өмір сүру дағдыларын қалыптастырады.
«Біз мектеп бағдарламасынан қалмауға тырысамыз, әліппені оқимыз, жазу және санауды үйренеміз. Бірақ, бұл балалар үшін бірінші дәрежеде, әрине, тұрмыстық дағдылары тұрады.
Бізде әртүрлі балалар бар - кейбірі бастапқыда бейтаныс заттарға қолымен тиісуге қорқады. Бір оларды кеңістікте бағдарлану тәсілдеріне, тіпті тамақ істеуді үйретеміз. Бір оқу жылдың ішінде балаларымыз өздерін сыныпта өте сенімді ретінде сезініп жүр» - деп, Сәуле Сағымбаева айтты.
Сәуле Сағымбаева айтуынша, жаңа жабдықтар білім бағдарламасын меңгеруді көмектеседі. Мысалы, PIAF арнайы жылытқыштар жүйесі кез келген суретті қағазда дөңес түрде жасауға мүмкіндік береді. Ал лупа-жол көру қабілеті бұзылған балаларға мәтіндерді ұлғайтып, басқа түске бояуды мүмкіндік береді.
«Бұл балалар «көрдің бе?», «қара» деген сөздерді басқаша түсінеді – оларды «қолдарымен көреді». Ал басқа мәселелерде – олар өз құрдастарынан ерекшеленбейтін балалар» - деп, Сәуле Сағымбаева аяқтады.
Естеріңізге сала кетсек, «Менің Елім» Бағдарламасы аясында Қазақстанның барлық арнайы мектептерді коррекциялық құралдарымен жабдықтандыруы жоспарлануда - бүкіл ел бойынша олардың саны 100-ден аспайды.
«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар Бағдарламасы 2016 жылдың соңында басталған. Бұрын, бағдарлама аясында Маңғыстау және Павлодар облыстарының 11 арнайы түзету мектептері арнайы құралдармен жабдықталанған.
Добавить комментарий