Жаңа әмбебап спорт алаңы Кентүбекте мектеп аумағында орнатылды
11/06/2019
Май ауданы Кентүбек кентінде әмбебап спорт алаңының салтанатты ашылуы өтті. Ол жыл бойы ашық және жергілікті тұрғындар оны тегін пайдалана алады.
Әмбебап спорт және балалар ойын алаңы үш аймақтан тұрады – мини-футбол алаңы, балалар алаңы және workout-аймағы. Ойын алаңдары жасанды көгалмен, ал балалар мен жаттығу зоналары - резеңке үгіндіден жасалған жарақаттан қорғайтын жабын – тартанмен қапталған.
Алаңдар салауатты өмір салтын қолдау және балалар спортын дамыту, қалалар мен кенттер тұрғындарын қазіргі заманғы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында орнатылады.
Ашық ауадағы жаңа кешен Кентүбек ауылының тұрғындарын, әсіресе жастарды тарту орталығына айналады және оларға өзінің спорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұндай алаң тек жергілікті емес, аудандық маңызы бар спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу орны бола алады.
Алаңды орнатқаннан кейін олардың сақталуын қамтамасыз ету және қызмет жасауын қолдау үшін жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі.
Алаңның салтанатты ашылуына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева, Май ауданының әкімі Марат Ақтаев, Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев, білім беру бөлімінің өкілдері қатысты.
«Әмбебап алаңдарды орнату жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырады. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы 300-ден астам компанияны және Қазақстан бойынша, оның ішінде Павлодар облысында 300 000-нан астам қызметкерлерді біріктіреді. «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік жауапты компания ретінде халық үшін алаңдарды орнату сияқты маңызды жобаларды іске асырады. Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық аймақтарында осындай 40-тан астам алаң орнатылады. Мұнда сіз бос уақыт өткізіп, спортпен айналыса аласыз, және де өз балаларыңызды осында алып келіп, жақсы уақыт өткізесіздер деп үміттенеміз», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қоры бас директорының орынбасары Әсел Шілдебаева.
А. Шілдебаева атап өткендей, Павлодар облысымен «Samruk-Kazyna Trust» Қоры арасында бұрыннан бері серіктестік қарым-қатынас орнаған. Сонымен, алаңдарды орнатудан басқа, өңірде инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған «Әр алуан – бірақ тең» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында Павлодарда инклюзивті білім беру ресурстық орталығы және Екібастұз қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.
Добавить комментарий