«Samruk-Kazyna Trust» қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарына байқау жариялайды

16/05/2016

Байқау негізінде іріктелген ең үздік қоғамдық ұйымдарға қаржылай көмек көрсетіліп, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру жəне əкімшілік жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетіледі.Өтініштер және құжаттардың толық пакеті SAMRUK-KAZYNA TRUST потенциалды пайдаланушыларына Астана қ., Қонаев к. 8, Б блок, 3257 офис мекен-жайы бойынша беріледі.
Байқауға қатысуға өтініш жіберу мерзімі: 2016 жылдың 31 мамырынан 13 маусымға (17.30 с.) дейін.

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниясының тобындағы «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры төменде көрсетілген бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру үшін қоғамдық ұйымдарды іріктеу байқауын жариялайды:

- әлеуметтік және медициналық сектордағы қауымдастықтар мен адамдарға көмек;

- медиа, мәдени қауымдастық пен адам әлеуетін дамыту;

- еңбек қатынастары мен ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту;

- өңірлерді және бизнес бастамаларды қолдау.

Байқау негізінде іріктелген ең үздік қоғамдық ұйымдарға қаржылай көмек көрсетіліп, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру жəне əкімшілік жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетіледі.

Байқауға қатысу ережелерімен, жобалар құжаттарымен және қосымша ақпаратпен www.sk-trust.kz, www.skc.kz сайттарында, немесе call-центрге: 8 (7172) 24 80 13, 57 66 59 хабарласып, таныса аласыз.

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ: http://sk-trust.kz/competition?language=kk

Обсуждение закрыто.