ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Самұрық-Қазына» АҚ» компаниялар Тобы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету бойынша «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасын жүзеге асыруда.

20/05/2016

«Жеңіс» жобасы аясында 4000 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылдағы еңбеккерлерге ақшалай хатқалта, үй шаруасына көмек, салтанатты түскі ас пен концерттерді ұйымдастыру түрінде атаулы көмек көрсетілді.2015 жылы «Жеңіс» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне
төтенше шақыру түймесі бар 5083 дана аппарат берілді.

«Жеңіс» – қазақстандық қоғамды отаншылдық рухында тәрбиелеуге, иннабаттылық-рухани құндылықтарды насихаттау, тарихқа және ардагерлердің ерліктеріне сыйластық көзкарасты тәрбиелеуге бағытталған қазіргі кезде өмір сүретін Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетуге арналған іс-шаралар жиынтығынан тұратын ауқымды республикалық қайырымдылық жобасы. Аталған жобаны «Жеңісті әр күні есте сақта!» ұранымен ұлттық компаниялар, қоғамдық ұйымдар,  белсенді жастар мен «Самұрық-Қазына» АҚ» компаниялар Тобының қызметкерлері арасынан шыққан волонтерлермен іске асуда.

2016 жылы жобаны жүзеге асыруға әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Samruk-Kazyna Trust», «Ардагерлер ұйымы» АҚҰ, «Ұлттық волонтерлік жүйесі», «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ,  «Kegoc» АҚ, «Қазпочта» АҚ,  «Казахтелеком» АҚ,   «Павлодар  әуежайы» АҚ,  «Атырау Халықаралық әуежайы» АҚ,  «Актобе Халықаралық әуежайы» АҚ,  «Біріктірілген химикалық компаниясы» ЖШС, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ,  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК,   «Самұрық-Қазына» АҚ,  «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС,  «Дара» қайырымдылық қоры, «Замандас» әлеуметтік қоры, «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры, «Велосипед спортының Қазақстандық федерациясы» қатысуымен жоба ауқымды республикалық ерекше әлеуметтік жоба ретінде танылып, өз жалғасын тапты.

Ардагерлерге үздіксіз қамқорлыққа шақыра отыра, жобаны ұйымдастырушылар Қазақстан Респуликасында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (3700 ге жуық адам) атаулы және материалдық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.  Жоба аясында 10 мыңға жуық іс-шаралар ұйымдастырылып, 5 мыңнан астам даңқ ескерткіштері тексерістен өткізіліп, тексеріс қорытындысына сәйкес мемлекеттік мекемелерге жөндеу және жаңарту жұмыстарын жүргізу жайлы ұсыныс жіберіледі.

«Жеңіс» жобасы жайлы толық мәліметімен www.sk-trust.ibitrix.kz сайтында таныса аласыз.

Справочно:

«Samruk-Kazyna Trust» - Қазақстан Республикасында өзекті және әлеуметтік маңызды сұрақтарға бағытталған қайырымдылық, әлеуметтік маңыздағы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниясының тобындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Добавить комментарий