ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қолжетімді инклюзия: Қостанайда «ерекше» балаларға арналған инклюзивті білім беру орталығы ашылды

24/05/2021

24 мамырда Қостанай қаласында №27 жалпы білім беретін мектеп базасында инклюзивті білім берудің жаңа ресурстық орталығы ашылды. Бұл Ресурстық орталық ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектептерге тиімді бейімделуі үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ресурстық орталық Қостанай облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Дара» жеке қорының бастамасы арқасында ашылды.

Қостанай облысы білім басқармасының деректері бойынша қалада ерекше білім алуға қажеттілігі бар 2200-ден астам бала тұрады, оның ішінде 471 бала қала мектептерінде оқиды.

«Әрине, «ерекше» балалар мектеп пен оқытушылар құрамы тарапынан ерекше және жан-жақты көзқарасты талап етеді. Атап айтқанда, әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, қоршаған ортаны бейімдеу, жеке білім беру бағыттарын құру, ал кейбір жағдайларда арнайы мұғалімдердің қолдауы қажет. Сондықтан бұл жолдағы маңызды қадам - ресурстық орталықтарды ашу», - дейді «Дара» ЖҚ өкілі Марал Шешембекова.

Жалпы білім беретін мектептерге баратын ерекше қажеттіліктері бар балалар көбінесе мамандардың қолдауына, уақытылы демалыс пен релаксацияға мұқтаж. Аталған мәселелердің барлығы ресурстық орталықтарды - психолог, логопед, дефектолог және басқа мұғалімдер балалармен айналысатын кеңістікті құру кезінде ескеріледі. Осы "ерекше" тәсілдің арқасында балаларға оқу процесіне қатысу, оны түсіну оңайырақ.

Мұнда даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер де, ата-аналар да кеңес ала алады. Сондай-қ, ресурстық орталықта үйде оқитын балаларды әлеуметтендіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

«Әр алуан – бірақ тең» жобасының арқасында инклюзивті білім беру жүйесі кеңейіп келеді. Тек соңғы 1,5 айдың ішінде біз Жамбыл облысында ППТК және РО филиалдарын, Арқалық пен Петропавлда 2 РО аштық. Ал бүгін кезекті орталықты осында ашқалы жатырмыз. Сонымен қатар жуырда  Түркістан облысында да ППТК-ті іске қосамыз. Барлығы 14 ППТК және 16 инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығының ашылуы - бұл инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту бойынша білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру. Бүгінгі таңда Қостанай облысында инклюзивті білім берудің 1 ресурстық орталығы және инклюзивті білім беруді қолдаудың 3 кабинеті жұмыс істейді.        

«Дара» ЖҚ 2016 жылдан бастап серіктестермен, атап айтқанда "Samruk-Kazyna Trust" қорымен және облыстық білім басқармасымен бірлесіп Қостанай қаласының жалпы білім беретін мектебінде 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін, көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған сынып және Арқалық қаласында тағы бір инклюзивті білім беру ресурстық орталығын ашты.

Байланыс:

Телефон: Қостанай қ., 8 775 676 1578, detstvo@edu-kost.kz

 

Добавить комментарий