Инклюзивті спорт секциясынан халықаралық аренаға: Қазақстанның бочча құрамасы Бразилияда бақ сынайды!
«Samruk-Kazyna Trust» қолдаған «Саламатты болашақ» жобасының түлектері Бразилияда өтетін World Boccia Cup 2026 халықаралық жарысында Қазақстан намысын қорғайды. Бүгін «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева мен ҚР Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев жаттықтырушылар, ата-аналар және спортшылармен кездесіп, алдағы жарысқа сәттілік тіледі.
4–12 қараша күндері Сан-Паулу қаласында өтетін халықаралық жарыста еліміздің атынан үш спортшы сынға түседі:
🏆 Итиана Шингисханова – боччадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы;
🏆 Қуаныш Асқарбеков – боччадан Қазақстанның екі дүркін чемпионы;
🏆 Азамат Аманша – боччадан Қазақстан чемпионы.

Алғашқы жаттығулардан бүгінгі халықаралық жарысқа дейінгі жол – үлкен арманның, үздіксіз еңбектің және спортқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.
Енді олар Қазақстанның көк туын биікке көтеріп, әлемдік аренада ел намысын қорғайды. Жеңіс жолында сәттілік тілейміз! Қазақстан сендермен бірге!