Доссорда «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен «Қара алтын» кешені таныстырылды
Сәуірде ашылған «Қара алтын» кешенінде мұражай, кітапхана, білім беру және демалыс орындары бар. Бүгін БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері кешенге барып, оның жұмысымен танысты.
Бұған дейін жергілікті музей 1978 жылы салынған, апатты жағдайда тұрған ғимаратта орналасқан. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істеп тұрған, ал аумағы 155 шаршы метр еді. Бүгінде кешеннің жалпы аумағы 700 шаршы метрден асады.
Кітапхана қорында шамамен 30 мың кітап бар. Мұнда компьютерлік техникамен жабдықталған 50 орындық оқу залы және балалар бөлімі жұмыс істейді. Көру қабілеті нашар жандар үшін Брайль жүйесімен басылған әдебиеттер қарастырылған.
