Біздің команда

Дәрімов Ерлан Қожабергенұлы

Бас директор

Стратегиялық және қаржылық жоспарлау, жобалық басқару бойынша сарапшы, меценаттық, экономика, бизнес саласында басшы қызметінде көп жылдық тәжрибесі бар. 2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бірыңғай операторының басшысы.

Шілдебаева Әсел Дулатқызы

Бас директордың орынбасары

Экономикалық менеджмент және аудит, қаржы басқармасының сарапшысы, құқық қорғау органдары жүйесінде, несиелік әкімшілік ету, бюджеттендіру саласында жұмыс тәжірибесі бар. 2013 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметінің қаржылық анықтылығын қамтамасыз етеді.

Лима Диас

Басқарушы директор – ресми өкіл

Халықаралық қатынастар, маркетинг, сыртқы және ішкі коммуникация жөніндегі сарапшы. PR жобаларды басқару, HR, жарнама саласында жұмыс тәжірибесі бар. 2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметі коммуникациялық стратегия аясындағы жұмысқа жетекшілік етеді.

Ахметова Гүлсара Сайлаубайқызы

Заңгер

Стратегиялық құжаттарды дайындау, жобаның заңды сараптамалары, құқықтық сүйемелдеу мәселелері жөніндегі сарапшы. Сот-атқарушы жүйесінде, банктік және инвестициялық қызметті құқықтық сүйемелдеу саласында жұмыс тәжірибесі бар. 2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметі операторының құқықтық жағын үйлестіреді.

Жүсіпова Айгүл Темірханқызы

Бас бухгалтер

Бухгалтерлік есеп және есептеме, операциялық қызметті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі сарапшы. 2013 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметі оператордың қаржылық және штаттық тәртібін қадағалауды қамтамасыз етеді.

Алиасқар Азат Серікұлы

Әкімшілік бөлімінің бас менеджері

Сатып алуды ұйымдастыру, қайырымдылық қызметінің тиімділігі бойынша мониторинг мәселелері жөніндегі сарапшы. Ұлттық компанияларда шаруашылық басқару, құқықтық қамтамасыз ету, жобаларды дамыту және дайындау салаларында қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметі саласында жұмыс жасайды.

Иргебаев Мирас Нурланулы

Главный менеджер сектора по связям с общественностью

Эксперт по связям с общественностью, управлению проектами от идеи до реализации. Имеет опыт работы в СМИ, общественно-политической сфере, в области производства медиа продукции, информационного сопровождения проектов. Обеспечивает работу по части PR спонсорской и благотворительной деятельности Группы компаний АО «Самрук-Казына» с 2016 года.

Клышбаев Асет Асилбекович

Жоба басқармасы бөлімінің бас менеджері

Қаржы-экономикалық талдау және жоба басқармасы бөлімінің, сонымен қатар стратегиялық құжаттарды дайындау мәселелері жөніндегі сарапшы. Логистика, кедендік рәсімдеу, сараптама, консалтинг саласында жұмыс тәжірибесі бар. 2016 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметін үйлестіру, жоспарлау және мониторинг жасау жұмыстарын жүзеге асырады.

Жаппарова Эльмира Абдигамитовна

Жоба басқармасы бөлімінің бас менеджері

• Қаржы-экономикалық талдау және жоба басқармасы бөлімінің, сонымен қатар стратегиялық құжаттарды дайындау мәселелері жөніндегі сарапшы. Несиелендіру және несие әкімшілік ету работы саласында жұмыс тәжірибесі бар. 2013 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметін үйлестіру, жоспарлау және мониторинг жасау жұмыстарын жүзеге асырады.

Жортекин Азамат Тулендыевич

Жоба басқармасы бөлімінің бас менеджері

Қаржы-экономикалық талдау және жоба басқармасы бөлімінің, сонымен қатар стратегиялық құжаттарды дайындау мәселелері жөніндегі сарапшы. Мемлекеттік сектордағы дене шынықтыру және спорт саласында, салық қызметінде жұмыс тәжірибесі бар. 2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметін үйлестіру, жоспарлау және мониторинг жасау жұмыстарын жүзеге асырады.

Дуйсенеева Ирина Секдюновна

Жоба басқармасы бөлімінің бас менеджері

Қаржы-экономикалық талдау және жоба басқармасы бөлімінің, сонымен қатар стратегиялық құжаттарды дайындау мәселелері жөніндегі сарапшы. Логистика, қазынашылық, несиелендіру, ішкі аудит салаларында көп жылдық еңбек өтілі бар. 2016 жылдың ақпан айынан бастап жоба басқармасы бөлімінде жұмысқа кірісті.

Увалиева Адина Тимуровна

Жоба басқармасы бөлімінің менеджері

Қаржы-экономикалық талдау және жоба басқармасы сарапшысы, бухгалтерлік есеп және аудит, экономика және қаржы салаларында жұмыс тәжірибесі бар. 2016 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметін үйлестіру, жоспарлау және мониторинг жасау жұмыстарын жүзеге асырады.

Абенова Баян Муратовна

Жоба басқармасы бөлімінің менеджері

Қаржы-экономикалық талдау және жоба басқармасы сарапшысы. 2016 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметін үйлестіру, жоспарлау және мониторинг жасау жұмыстарын жүзеге асырады.

Альшагиров Олжас Мерекевич

Жоба басқармасы бөлімінің менеджері

Қаржы-экономикалық талдау және жоба басқармасы сарапшысы. 2016 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық және демеушілік қызметін үйлестіру, жоспарлау және мониторинг жасау жұмыстарын жүзеге асырады.