Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар


Бақыт аймағы

Астана сияқты осындай үлкен мегаполис балалар шығармашылықпен айналыса алатын, қарым-қатынас жасай алатын, жаңа нәрселерді үйрене алатын бақытты аймақтарға ие. Ең бастысы, бұл аймақтарда ата-аналар мен балалар бір-бірімен танысып, сенімді қарым-қатынас орнатып, өздерін және басқаларды естуге үйренеді.

Бақыт аймағы

 «Замандас» отбасылық аула клубтары 8 жыл бойы жұмыс жасап келе жатыр, облыстың барлық тұрғындары қуана-қуана келеді - түрлі үйірмелерге қатысады және жаңа дағдыларды меңгереді. Кейде олардың кейбіреулері үйлеріне барғылары келмейді. Біз «Замандас21» қоғамдық қорының директоры Ләззат Алшиновамен клубтардың жұмысы, қазіргі заманғы балалардың тәрбиесі мен әуестігі туралы сұхбаттастық.

 

- Ләззат Елубайқызы, тарихтан бастағанымыз жөн шығар. Қоғамдық қор, аула клубтары құру идеясы қалай пайда болды? Бұл ойға қалай келдіңіз?

- Бұл оқиға арманнан басталады. Мен балалармен өмір бойы жұмыс істедім, менің мамандығым да олармен тығыз байланысты. Мен әрқашан қиын кезеңде балаларға көмектесу үшін не істеу керек деп ойладым. Балалардың өмірін бақытты ету үшін ертең емес, бүгін не істей аламын? Менің ойларымның бірі балаларды бақытты сезінетін жерлерді, көңілдерін аулауға болатын қандай да бір «бақыт аймағы»-н құру болды. Ол жерде олар өздері қалаған нәрсені жасай алады, өз армандарын жүзеге асыра алады.

Білесіз бе? «Балалар - біздің болашағымыз» деген ұранды ешқашан жақсы көрген емеспін. Балалар біздің болашағымыз ғана емес, балалар – біздің бүгініміз. Олардың бүгін ойнағысы келеді, олардың бүгін тамақ ішкісі келеді. Сондықтан олар бүгін бақытты болсын, содан кейін ертең өздері үшін бақытты болашақ жасайды, сіз оған кәміл сенімді болыңыз.

Міне, сондықтан, мен мүмкіндік туа сала, оны бірден пайдаландым. Ал мүмкіндікті IVLP (International Visitor Leadership Program)  бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барып келгеннен кейін алдым, “NGO Management of Youth Programs” тақырыбындағы бағдарлама өз ісінің мамандарына, ҮЕҰ-ның көшбасшыларына арналған.

- Ол қай жылы болды?

- 2010 жылы. Осы бағдарламаның арқасында мен шабыттандым және көп нәрсені үйрендім, ҮЕҰ қалай ашуға болатынын, қалай жұмыс істеуге болатынын, осы идеяларды қалай қолдануға болатынын түсіндім. Сондықтан, ол жерден оралғаннан кейін, бір айдан соң ҮЕҰ-ды тіркеуге өтініш білдірдім.

8 маусымда өзімнің «21 ғасырдың Замандасы» дегенді білдіретін «Замандас21» ұйымым болды. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға бос уақытты ұйымдастыру туралы мәселені зерттеуді бастадым. Мен бір қорға өтінім беріп, аула клубын құру үшін грант жеңіп алдым, оны «Аула клубы – балалар мүддесі қозғалысы» деп атадым.

Мен 100-150 балаға арналған алғашқы аула клубын аштым, сонымен бірге онда «Ата-аналарға арналған қызметтер»-ді енгіздім. Ата-аналарға арналған қызметтері бар, олар үшін жеке психологтар, мұғалімдер, балаларды тәрбиелеуге, психологпен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, балаларға диагноз қою және отбасын нығайтуға көмектесу үшін мамандармен кеңесу мүмкіндігіне ие болатын жеке клуб құруды қаладым. Нәтижесінде отбасылық аула клубы құрылды.

- Неліктен дәл аула клубы форматы таңдалып алынды?

- Мен оның жергілікті болғанын қаладым. Аула клубтары идеясы Кеңес Одағынан бері келе жатыр, бірақ оны өз жобамда жаңарттым. Инновация бүкіл отбасымен бірден жұмыс істеуге негізделді.

Модель жасаған кезде менде жұмыс қағидаттары, әдістер мен бағыттар туды, барлық педагогикалық әлеуетімді пайдалануға тырыстым.

Мен өз жұмысымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан достық жастардың клиникасы үшін қабылданған - «төрт Б» принципін қолданамын. Мен өз командаммен жұмыс істеген кезде, барлық қызметтер барынша қол жетімді болуы керек екенін, бәрі өз еркімен келуі керек екенін, біз достық негізде жұмыс істеп, барынша сенімділікті құратынымызды түсіндіремін. Сол кезде бізде Бақыт аймағы болады.

Отбасылық аула клубын құру туралы идеяның бәріміз үшін өмірлік маңызы бар, тіпті бұл бақыт аймағы кішкентай бөлік болса да, ондай жарықтық, ол қуат мыңдаған балаларды және олардың ата-аналарын қуаттандыратын болады. Біз қоғамымызда қайғылы оқиғалар орын алмас үшін олардың өміріне өзгерістер енгізуге, отбасын нығайтуға, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсартуға, адамзатқа өзара түсіністікке жеткізуге тырысамыз.

Мен біздің балаларымыздың жүректері ашық, көздері мейірімге толы болып  өскенін қалаймын. Бұл идея - жас ұрпақтың ой-өрісін өзгерту, оларды басқаша ету, бір-бірін түсінуге және сүйіспеншілікке жетелеу.

- Қалай десек те, балалармен жұмыс істеу оңай емес. Сіздің үш клубыңыз бар: мүлдем басқаша балалар, мүлдем өзгеше мінездер. Оларды бір толқынға қалай келтіруге болады? Арнайы тәсіл бар ма?

- Бәрін өзіңізден бастау керек. Мен өзімнен бастаймын. Мен айналамда балалардың бақытты көздері бар әлем құрғым келеді және бақытты сезіну үшін барлығын жасаймын.

Одан кейін командамен жұмыс. Балалармен жұмыс істегендіктен, мұғалімдерге өзімнің бақытты күйімді жеткіземін. Олардың барлығы - адамдар, мен оларға үнемі айтып жүремін: «Егер сіз балаларды жақсы көрсеңіз, осы әлемді өзгерткіңіз келсе және сүйіспеншілік, мейірімділік пен бақытты бөліскіңіз келсе ғана біздің ортамызға қосылсаңыз болады». Мұғалімдерден дәл осы қасиеттерді іздеймін.

Балалардың өздерімен жұмыс істеу оңай емес, ал олардың ата-аналары: олардың жанындағы тасты жұмсарту, отбасындағы қиын өмірлік жағдайлар туралы ойлардан және ақша тапшылығы туралы ойларынан алшақтату өте қиын. Мысалы, егер отбасыда мүгедектігі бар балалар болса, немесе ажырасқаннан кейін ерлер мен қаржылық қолдаусыз қалған әйелдер болса қиын.

Осындай жағдайларда адамдардың еңселері түспейді, бірақ көбінесе бізге негативпен келеді. Және дәл осы сәтте әртүрлі мүмкін технологиялардың барлығын, бөлмелердің жайлылығы мен безендірілуге дейін қолданамыз.

Біз кері байланысты қамтамасыз етеміз, және балалар осында келіп, үйлеріне қайтқысы келмейтінін көреміз. Олар бір нәрсемен айналысатындығы, бізде әдемі заттар бар болғаны және тағы сол сияқты үшін емес. Балалар көбінесе олар неге осы жерден кеткісі келмейтінін түсінбейді. Ал шындығында, клубтарда керемет ыңғайлы жағдайлар жасалады.

- Сіздің ойыңызша, балаларды осы клубтардан үйлеріне «қуып шығару» мүмкін еместігі – жұмыстың жақсы көрсеткіші болып табылады ма?

- Менің ойымша, бұл клубта жақсы атмосфераны құратынымыздың жақсы көрсеткіші. Екінші жағынан, үйде бар нәрселері бар балалар да кездеседі, бірақ олар да үйге қайтуға асықпайды. Оларға бізбен жақсырақ, өйткені үйлерінде бұндай жылу болмайды. Және біздің міндетіміз - отбасында осындай атмосфераны қалыптастыру.

Және иә, бұл клуб жұмысының жақсы көрсеткіші, себебі балалар бұндай жылылықты бізден алып кетіп, үйлеріне алып барады. Біз ата-аналармен жұмысты күшейтуді жоспарлап отырмыз, өйткені олармен жұмыс істеген кезде істің әлдеқайда тиімді екендігін көріп отырмыз. Біз жұмыс уақытын, тренингтерді көбейтіп, әңгімелесулер өткізіп, оларға А-та-а-на болуды үйретіп жатырмыз.

Жобаның мақсаты отбасылардың өмірін жақсартуға және бақытты етуге бағытталған. Табыстың 70% мұғалімдердің жұмысынан және, әрине, ата-аналармен бірлескен жұмыстан құралады.

- Ата-аналармен қалай жұмыс істеу керек? Олар келіп балалармен бірге топтарда бірге жаттығып, тренингтерге қатыса ма?

- Олармен әртүрлі жұмыстар жүргізіледі. Білікті отбасылық психологтар ата-аналарға өздерінің жеке өсуін арттыру бойынша тренингтер өткізеді. Ата-аналар кейбір дағдыларға ие болған кезде, өздерінің жасырын таланттарын өздері анықтайды.

Біздің мамандарымыздың көмегімен көп әйелдердің, мысалы, күйеуі немесе енесімен, балалары немесе басқа адамдармен қарым-қатынастары жақсарып келеді. Біздің тренингтерден кейін отбасылық қарым-қатынастарды қалай құруға болатыны туралы көп әйелдердің әңгімелерін естігенмін.

Сондай-ақ, «Балалар - ата-аналар» тренингі ұйымдастырылды. Біз ата-аналарды шақырамыз, және олар өз балаларымен бірге әдеттегідей  бір қолөнер түрін жасайды. Бірге жұмыс істегенде, ата-аналар мен балалар бір-бірін жақсы тани біледі.

Үшіншісі - жеке кеңес беру, топтық іс-шаралар, сонымен қатар балалардың диагностикасы, олардың таланттарын анықтау. Ата-аналар балаларымен келіп жатқанда, біз оларға таңдау жасауға мүмкіндік береміз: баланың қай топқа баратынын өздері шешеді. Диагностика оларға баланың қандай бағытта даму керектігін таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ, біздің клубтарда  «Әкем, анам, мен» спорттық іс-шаралар өткізіліп, бірге мерекелерге дайындаламыз және тағы сол сияқты.

- Отбасы жайында сөз қозғағанда, көбіне аналарды ойға аламыз. Ал әкелермен жұмыс қалай жүргізіледі? Өйткені, ол да отбасының мүшесі, ол да балаға үлкен әсер етеді ...

 - Өкінішке орай, қазірше әкелермен қарым-қатынас орнату қолымыздан келмей жатыр, бірақ біз тырысып жатырмыз. Және биыл алғашқы жыл емес. Қазақ менталитеті өте қиын, әсіресе ер кісілердікі. Бізге кейде «Бақытты отбасы» клубының отырысына ер кісілер келетін. Отырғандардың барлығы әйелдер екенін көріп, қашып кететін.

Біздің ер кісілердің назарын аудартып, клубымызда олармен жұмысты ұйымдастыру үшін жоспар құрып жатқанымызға алғашқы жыл емес. Бір жолы «Балалар – ата-аналар» тренингінде бір әке өз баласының оны жек көретінін білген болатын. Бала әкесінің бетіне тік қарап «Мен сені жек көремін» деп айтты. Сонымен қатар, не үшін екенін де түсіндірді. Әкесі аң-таң қалған болатын. Тренинг аяқталған соң әкесі психологтармен сөйлесті, және содан кейін олардың ара қатынасы жақсарып, әкелік шектеулі араласудан достық әрі сенімді қатынасқа көшті.

Өкінішке орай, біздің қоғамда психологқа бару деген түсінік жоқ, ал ол маңызды. Ер кісілер өте тартыншақ. Біз өз ер азаматтарымызды дұрыс тәрбиелемейміз. Біз, мысалы үшін оларға былай дейміз: «Жігіт жыламайды». Бірақ неге ер балаға жылауға болмайды? Жылау керек! Ол өз өзіне қол жұмсағаннан көрі жыласын.

Біздің клубта мынандай тенденция бар екен: мен «Жас техник» үйірмесіне жасөспірім қыздар қатысатынын білдім. Мұғалімдерден неге олар техникалық үйіреге баратынын сұрап білуін өтіндім. Сөйтсем, олардың әкелері жоқ екен. Олар бұл үйірмелерге ер кісілердің назарлары, әкелері тарапынан ер кісілік қолдаудың жоқтығынан бізге келеді екен, және олар сол мейірімді біздің мұғалімдерден табады екен.

Сондай-ақ, ерлердің тәрбиесінде де мәселелер бар. Неге ол мәселе туындайды? Бұл ер азаматтың қолдауының, ер азаматтың тәрбиесінің жетіспеушілігі. Қазірде, еркектер ажырасқан кезде балаларымен де ажырастық деп есептейді де, оларды тастап кетеді. Сондықтан да, ер азаматтармен көбірек жұмыс жасау керек шығар. Олармен жай ғана емес жүйелі түрде жұмыс жасау керек. .

- Аула клубы тақырыбына оралатын болсақ, сегіз жылдың ішінде сіз 3 клубтың, 4 лагердің, аула хоккей лигасының негізін қаладыңыз. Қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Бұл жай нәрсе емес қой.

- Әлеуметтік саланың өзі негізі өте қиын. Адамдар ҮЕҰ-ға барған кезде қандай да бір мәселелерді шешкілері келеді. Көп кісілер мемлекеттік структураны, қоғамды түсінбеу сияқты қиындықтармен жүздеседі. Нәтижесінде көбісі сынады да, бұл саланы тастап басқасына кетеді. Олар өздері «Егер ешкімге ештеңе керек емес болса, онда неге мен басқалар үшін жұмыс жасап, өзіме жауапкершілік алуым керек?» деп ой тұжырымдай бастайды.

Өз ісін шынайы жақсы көретіндер ғана соңына дейін барады. Яғни, сенің құштарлығың болуы керек. Егер махаббат та, құштарлық та болмаса, мұнда қалудың еш қажеті жоқ, себебі алдыңыздан шығатын қиындықтарды жеңе алмайсыз.

Адамдардың немқұрайлылығын жою өте қиын. Біздің бір-бірімізді сыйламауымыз сияқты немқұрайлылық та біздің түбімізге жетеді. Қиындықтар барлық бизнес және мемлекет структурасы сіздің жобаңызға көмек бере алумауында және көмек бергісі келмеуінде. Сен өзіңнің әлеуметтік жобаң үшін алаң сұрап барасың. Ал сен 150 кабинетке аттандырып жібереді. Және сен осы барлық кабинетті аралап шығуың керек, барлық 150 шенеуніктің алдынан өтіп, барлығына осының маңызды екендігін түсіндруің керек. Егер сіз нәтижесі қандай болатынын білмей тұрып, 150 рет баяндап беруге және шыдауға дайын болсаңыз ғана сіздің қолыңыздан бір нәрсе келуі мүмкін.

Қиындықтар өте көп, жобаны жүзеге асыру жолында сүрінбес үшін өте мықты адам болу керек. Өз жобаңызға сенуіңіз керек және ішіңізде терең көз жеткізу болуы керек. Нағыз патриот болу керек. Қанша дегенмен, мен патриотпын, көшеде не істерін білмей қаңғып жүрген, жаман сөз айтып, темекі шегетін балаларды көріп, қол қусырып отыра алмаймын. Мен бұл балаларда потенциал бар екенін білемін. Оларға тек көмек беру керек.

Балаларға жаман нәрсе бола қалса, ол мен үшін күйзеліске айналады. Мен әр күн сайын одан да көбірек жұмыс істеу керек екеніні көзім жетіп келеді. Балалардың біреуді өлтіргілері келмеуі үшін, ұрлағылары келмеуі үшін бұдан да көп «бақыт аймақтарын» салып жұмыс жасау керек.

Ақпан айында біз Вашингтонда өткен әлемдік әлеуметтік жобалар арасында үздік атандық. Бәрі маған ду қол шапалақтаған сәтті мен түсіндім, жоба – бала сияқты, ол туылуы керек. Сен оған балаң сияқты тамақ бересің, еркелетесің, оған жақсы болуы үшін барлығын жасайсың. Және бір мезетте балаңның өсіп, өз өзіне көмек беріп жатқанын түсінесің. Біздің жоба қазір өз өзіне көмектесіп жатыр. Қазіргі таңда,  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының арқасында біздің іргеміз нығайды. Бір клубтан бірден 3 клубқа дейін ұлғайдық: біз өз орнымызға йе болдық

- Жұмысыңызда қандай жарқын сәттер есіңізде қалды?

- Алғашқы аула клубының ашылуы – өте қобалжытарлықтай болды. Біз жаман жертөлені жарық, қолайлы орынға айналдырдық және бұл өте бақытты сәт болды. Мен сол кезде алғашқы балаларымыздың келгенін көрдім. Мен клубқа келгенде тағы бір қызық жәйіт болған. Бір балақай «»Автомодельдеу» үйірмесінен шығып, бақытты көздерімен анасына жақындап: «Анашым, бүгін менің өмірімдегі ең бақытты күн!» деп айтқаны есімде. Сол сәтте бақыттан көзіме жас келді. Көңілді балалардың әр жолы келіп мені құшақтарына алуы да – жарқын сәттердің бірі болып есептеледі.

- Сізді жұмысыңызда не шабыттандырады?

- Менің жұмысым (күліп). Меніңше, мен туыла салып не істеуім керектігін білген сияқтымын. Мектепте мен әрдайым кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс жасайтынмын. Мектепті бітірген соң, еш ойланбастан педагогикалық оқу орнына түстім. Және ешқашан өз таңдауыма өкінген емеспін. Өз ісіңді жақсы көрсең, саған ешқандай шабыт көзінің қажеті жоқ.

- Әлеуметтік салада мол тәжірибесі бар педагог ретінде, кішкентай балалары бар жас ата-аналарға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

 - Жалғыз кеңесім: балалы болғысы келу ойының өзін сүйе біліңіз. Сіз енді ғана дүние есігін ашатын балаңызды жақсы көруіңіз керек. Өзіңіздің ата-ана атанатыныңызды білген сәттен бастап-ақ. Балаларыңыз мейірім мен бақытты сезінуі үшін ер азаматыңызды сүю, отбасыңызды сүю және өзара ара қатынас құру.

- Қорытындылай келе, сіздің ойыңызша, жұмыс жасауда маңызды қандай 5 негізгі принцип бар?

  1. «4 Б» принципін қолдану: барынша қолжетімділік, барынша еріктілік, барынша ақ пейілділік, барынша сенімділік.
  2. Толық емес отбасыларда жоқ ата-ана тарапынан қамқорлық пен тәрбиелеу жетіспейді. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыру маңызды, мысалы, үлкен туыстарымен араласуына көбірек мүмкіндік беру, үйірмелерге жазу.
  3. Отбасылық психологқа барудан қорықпау керек. Бұл отбасыда, үйде салауатты атмосфераны құруға, ата-аналармен балалары арасындағы қарым-қатынасты орнатуға көмектеседі. Ата-аналарда бәрі жақсы болса, балалары да психоэмоционалды тұрғыда сау болып өседі, яғни бақытты болады.
  4. Мұндай жобаның жетістігінің 70 пайызы педагогтар мен ата-аналардың ортақ жұмысына негізделеді.
  5. Балалар - біздің бүгініміз. Сондықтан да, олар бақытты болулары үшін барлығын жасау керек, атап айтқанда, осындай шығармашылық және қосымша оқу орталықтарын ашу керек.

Жоба жаңалықтары

comments powered by HyperComments