Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Әлеуметтік кәсіпкерлік: маңызды ерекшеліктер

Жанар Жақсылықова - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жоба басқармасы бөлімінің бас менеджері. Жанардың негізгі бағыттарының бірі - «ӘРЕКЕТ» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасын жүргізу. Бүгін біздің сарапшы бастаушы әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған негізгі ұсыныстармен бөліседі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік: маңызды ерекшеліктер

Егер бірнеше жыл бұрын үкіметтік емес ұйымның коммерциялық қызметі «зұлымдық» деп есептелсе, бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік үлгісіндегі бұл әрекет ҮЕҰ үшін өмір сүрудің неғұрлым тұрақты әдісі ретінде қабылданған үрдіс болып табылады. Әлеуметтік кәсіпкерлік үкіметтік емес ұйымға бір мезгілде мақсатты аудиторияның проблемаларын шешуге, сондай-ақ тұрақты болуға мүмкіндік береді, сонымен қоса, егер 100% болмаса да, кем дегенде белгілі бір бөлігінде сыртқы қаржыландыруға тәуелді болмауға бағытталады .

Қазақстанда көптеген басқа елдердегі сияқты, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында да күрделі мәселелер бар: инфрақұрылым жеткілікті дамымаған, әлеуметтік кәсіпкерліктің анықтамасы жоқ.

Бірақ осы мақалада әлеуметтік кәсіпкерлер өздері қазір шеше алатын мәселелерге назар аударғым келеді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік саласында ұйымдар бизнестің үлгісін анықтау, бизнес-жоспарды жазу, сату үдерісін құру, кәсіпорын қызметкерлерін компания мақсаткерлігіне ынталандыру, шешілетін мәселеге қоғамның назарын аудару, әлеуетті аудиториялармен сенімді қарым-қатынас орнату, инвесторларды тарту, нақты әлеуметтік проблеманы және мақсатты аудиторияны анықтайтын серіктестіктердің қызметін кеңейту, маркетинг негіздерін білмеу және басқа да бірқатар мәселелер кезігуде.

 «Навстречу переменам» қоры, қыркүйектің аяғында, әлеуметтік кәсіпкерлер өздерінің проблемаларын бизнес-компаниялардың басшыларымен және менеджерлерімен, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы сарапшылармен бөлісе алатын үлгідегі, және де кеңестер мен ұсынастар ала алатын «Breaking Barrier Session» конференциясын өткізді.

Формат өте жанданған әрі нәтижелі болды: әлеуметтік кәсіпкер 20 минут ішінде көптеген нақты ұсыныстар ала алады.

Менің ойымша, олардың ішіндегі іріктеліп алынған ең маңыздылары осылар:

1. Кәсіпкерлікті құру сатысында әлеуметтік кәсіпкерлер қандай мәселені шешуді және олардың миссиясы қандай екенін анықтау керек. Бұл басымдықтарды қалыптастыру, әлеуметтік кәсіпкерлікті бастау және дамыту үдерісін анықтау және қоғамдағы әлеуметтік кәсіпорынның рөлін түсіну мүмкіндігін береді.

2. Әлеуметтік кәсіпкерлер назар аударатын маңызды аспектілердің бірі - олардың әлеуметтік кәсіпорындар мен оларға ұсынылған қызметтерді/тауарларды қоғамға орналастыру. Клиенттердің әлеуетті аудиториясына өздерінің әлеуметтік кәсіпорыннан өнімді/қызметті сатып алу арқылы әлеуметтік проблеманы шешу үшін жасайтын құндылығы туралы анық хабар беру маңызды. Олар қарапайым кәсіпкерлерден қалай ерекшеленеді? Әлеуетті клиенттер қаржылық/қаржылық емес қайырымдылық шараларын жасай алмаса да, еріктілік қызметке уақытын бөлмесе де, олар «игілік» жасай алатынын түсінуі керек. Мұнда компаниялармен қатар, әлеуметтік кәсіпкерліктен өнім/қызмет сатып алған жеке тұлғалар да қайырымдылық үшін бюджетке ие болмай-ақ, әлеуметтік жауапты болуы мүмкін.

Әрине, маңызды фактор - бұл өнім/қызмет сапасы, басқа кәсіпорынмен бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

3. Басшылар үшін тапсырманың бір бөлігін өз қызметкерлеріне табыстай білуі маңызды. БП-ның жұмысын бастаған көптеген басшылар бәрін өздері жасайды: ұйымдық мәселелерден бастап стратегияны жазуға дейін, қызметкерлерді белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін жалдай отырып, БП-ге қызғанушылық танытып, басшылар олардың жасауы тиіс тапсырмаларын жиі табыстамауы  мүмкін

4. Бұл жобаны кеңейтуге және көп адамдар үшін әлеуметтік кәсіпкерлік қызметтерді/өнімдерді қолжетімді етуге көмектесетін заманауи технологияларды пайдалану туралы ойланған дұрыс.

5. Әлеуметтік кәсіпкерлер өздерінің әлеуетін және тәжірибесін күшейту үшін ұйымдармен, бизнес компаниялармен немесе өздерінің таңдалған әлеуметтік проблемаларын шешу үшін өздері сияқты жанашыр жеке тұлғалармен әріптестік қарым-қатынас орнатуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, серіктестер таңдап алынған әлеуметтік мәселені шешуде жақсы ұсыныс беретін ұйымда бизнестегі сенім тезірек құрылады.

6. Әлеуметтік кәсіпкерлер әлеуетті клиенттерге арналған өздерінің өнімдері/қызметтері туралы ақпаратты қандай каналдар арқылы берілетінін алдын-ала ойластырып, осы мәселеге жеткілікті уақыт пен ақша жұмсау керек.

7. Іріктелген әлеуметтік проблеманың шешілуі үшін маңызды болып табылатын стартаптық қауымдастықты құра отырып, әлеуметтік кәсіпкерлер әлеуметтік медиада өз жұмысының нәтижелерін үнемі жариялай отыруы маңызды болып табылады. Осындай қауымдастықтар БП-ның кез-келген жұмысына кірісуі және қатысуы, сондай-ақ оның дамуын бақылау арқылы өздерінің құндылығын алып келуі мүмкін.

Әрине, бұл әлеуметтік кәсіпкердің «алтын ережелері» емес, бірақ осы ұсыныстардың әрқайсысы үлкен артықшылықтарға ие. Оларды орындау арқылы сіз үлкен қателіктерден аулақ бола аласыз, және де жаһандық мәселелерді шешуге назар аудара аласыз.


Жоба жаңалықтары

comments powered by HyperComments