Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Волонтерлерге арналған онлайн курстар

Волонтерлерге арналған онлайн курстар

Карантин қабілеттерімізді жетілдіруге немесе сүйікті ісімізбен айналысуға кедергі болмауы тиіс. Осы кезеңде көп шаралар кейінге қалдырылды, соның ішінде волонтерлердің іс-шаралары да бар. Дегенмен бұл қамығуға себеп емес. Осы сәтті пайдаланып өзіңіздің волонтерлік дағдыларыңызды жетілдіре аласыз.

Волонтерлікпен айналысу дегеніміз тек қана үлкен кісіге көмектесу, балалар үйінде шара өткізу немесе ерекше балаларға көңіл бөлу ғана емес. Бұл үлкен түсінік, оның түпкі тамырында мейірімді жүрек пен таза ниет болуы керек. Волонтерлікке ешкім ешкімді үйрете алмайды, оған әр адам өз еркімен келеді. Келесі тізім сіздің волонтерлік қабілеттеріңізді арттыруға, өзіңізге жаңа дүниелерді ашуға көмек береді деп сенеміз.

1.  «Әлеуметтік волонтерлер мектебі» ұсынған онлайн курстар орыс тілінде берілген және түрлі тақырыптарды қамтиды. Мектептің сайтында тіркеліп, өзіңізге жақын не керекті блокты таңдап алып, кедергісіз 20-дан астам онлайн курстардан өтуге болады. Бұл сайттың ерекшелігі – волонтерлікке жаңадан келгендерден бастап, тәжірибелі еріктілерге арналған курстар бар: «Волонтер новичок», «Опытный волонтер», «Личная эффективность волонтера», «Корпоративное волонтерство» және т.б. Сондай-ақ «Опыт известных» айдарында күрделі тақырыптар қамтылған: «Волонтеры и дети сироты», «Ивент волонтерство», «Волонтеры в медицине», «Городское волонтерство» және өзге де қызықты бағыттар бар.

2. «Мята» Қайырымдылық ұйымының 10 сабақтан тұратын курсы. Ұйымның басты бағыты балаларға көмек беру болғанымен, ұсынылған курс волонтерлік қызметтің жалпы мәселелерін қозғайды: шараларға қатысу, мотивация, қорқыныш, эмоциялық қолдау және т.б. Аталмыш курс санаулы сабақтардан тұрғанымен, балалар, ерекше балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қалай дұрыс көмек беруге болатыны туралы толық ақпаратты береді.

3. «Волонтеры медики» ұсынған «Денсаулық сақтау саласындағы еріктілік қызметті ұйымдастырушыларға арналған білім беру курсы» - медицина саласында волонтерлікпен айналысатын жандарға арналған таптырмас курс. Бұл видео материалдар медициналық волонтер қызметін оңтайландыруға және еріктілердің жеке қасиеттерін дамытуға арналған. Сондай-ақ, осы платформада өзіңізге қызықты тақырыптармен танысып, ресейлік әріптестеріміздің медициналық еріктілік бағытындағы жұмысымен таныс бола аласыздар.

 

Біз ұсынған тізім сіздерге пайдалы болды деп сенеміз!

Волонтер бол - әлемді игі іспен нұрландыр.

Жоба жаңалықтары
Социальное предпринимательство. Взгляд Татьяны Бурмистровой
04 ақпан 2019, 15:49:00
Вениамин Алаев: В Казахстане все больше людей с инвалидностью узнают о своих правах
27 қараша 2018, 19:37:00
Бақыт аймағы
20 қараша 2018, 19:45:00
Әлеуметтік жоба: идеядан іске асыруға дейін
18 қазан 2018, 09:43:00
Әлеуметтік кәсіпкерлік: маңызды ерекшеліктер
08 қазан 2018, 13:13:00
КСО - это про влияние бизнеса на человека и окружающую среду
28 қаңтар 2019, 11:31:00
Коммуникации для НКО. Взгляд Тимура Асланова.
21 ақпан 2019, 12:35:00
Айгерим Кошпесова: Қайырымдылық қорында жұмыс істеу маған кәсіби тұрғыда өсуге көмектеседі
07 наурыз 2019, 17:42:00
Қазақстандағы еріктілік. Теория мен практика.
18 наурыз 2019, 17:51:00
Impact Hub Almaty: Социальное предпринимательство. Взгляд Индиры Шах.
24 мамыр 2019, 11:47:00
10 способов продвижения социального проекта
25 маусым 2019, 16:39:00
Как стать благотворителем, не выходя из дома
13 тамыз 2019, 09:09:00
Есть ли польза? Как оценить ваш социальный проект
27 қыркүйек 2019, 17:26:00
Онлайн білім алу. 5 пайдалы білім беру сайты
27 қараша 2019, 11:12:00
Біргеміз. Волонтерліктегі фрешмендерге ақыл-кеңес
30 желтоқсан 2019, 10:33:00
3 «must-read» книг для волонтеров
10 ақпан 2020, 18:48:00
7 лидерских качеств успешного менеджера проектов
25 ақпан 2020, 18:17:00
Волонтерлерге арналған пайдалы онлайн-ресурстар
12 наурыз 2020, 15:43:00
Табысты фандрайзингтің ережелері
27 наурыз 2020, 12:23:00
SMM-ді жүргізуге арналған көмекші құралдар
09 сәуір 2020, 05:24:00
Полезные Telegram-каналы для НКО
17 сәуір 2020, 16:39:00
Өзін-өзі дамыту бойынша ТОП-7 кітап
30 сәуір 2020, 13:03:00
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған онлайн оқу курстары
06 мамыр 2020, 13:09:00
КЕҰ-ға арналған подкасттар
19 мамыр 2020, 18:27:00
Цифрлық волонтерлік жайында не білесіз?
28 мамыр 2020, 14:46:00

comments powered by HyperComments