Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Оқыту видеоларын қалай жасауға болады?

Оқыту видеоларын қалай жасауға болады?

Қазіргі таңда әлем онлайн кеңістікке айналып кеткендей. Себебі әр басқан қадамымыз ғаламтормен, онлайн қызметтермен, әлеуметтік желілермен және т.б. байланысты. Қауіпсіздік үшін қашықтықты сақтауға, ал ең дұрысы барынша үйден шықпай өзіңізді қорғауға тиіссіз. Дегенмен бұл білім алудан немесе өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысудан бас тарту деген сөз емес. Осы орайда бізге бейне оқыту сабақтары көмекке келеді.

Бүгінгі материалда бейне сабақтарды қалай жасауға болатыны туралы бірнеше қажетті кеңестермен бөлісеміз. Бірақ алдымен, қандай бейне сабақ түрлерін ажыратып алайық. Әдетте оқыту видеоларының үш түрі болады:

1. Скринкаст – компьютер экранындағы әрекеттер дыбыспен сүйемелденетін бейне сабақ. Photoshop  немесе сол сияқты бағдарламаларды қолдануды үйретуге арналған таптырмас жанр.

2. Бейнесүйемелдеу - адам камера алдында отырады және мәтінді оқиды. Бұл әдетте слайдтарға түсініктеме беру үшін PowerPoint презентациясына қосымша ретінде пайдаланылады.

3. Бейне сабақ - қысқа оқыту ролигі. Формат бойынша теледидар хабарларына ұқсас. Қазіргі кезде кеңінен таралған оқыту видеолары.

 

Енді осы видеоларды жасаудың қадамдарымен танысайық:

1. Видео сабақтың немесе скринкастты жазудағы ойыңыз бен мақсатты аудиторияңызды анықтап алу. Бұл сізге тақырыбыңызды жалпыламай өз бағытыңызды кеңінен қамтуға көмек береді. Мысалы, ағылшын тілін бәрі үйрене алады, бірақ сіздің сабақтарыңыз барлық адамға түсінікті болуы мүмкін емес: бірінің деңгейі сәйкес келмесе, бірінің көзқарасы өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан әрбір істе бірінші өз мақсатыңыз бен оның кімге арналғанын айқындап алғаныңыз дұрыс.

2. Алдын ала сценарий дайындап алу. Бұл барлық видео сабақтарға қатысты. Бұл қадам сізге түсірілім кезінде уақыт үнемдеуге, қателіктер жасамауға, қажетсіз тоқтауларды болдырмауға көмек береді. Әрине, сіз өзіңіздің не айтаныңызды жоспарлап алсаңыз видеоны жазу кезінде өзіңізге сенімді боласыз.

3. Сапалы дүние жасау үшін сапалы камера мен микрофон қажет. Адам ең бірінші көзбен қабылдайтын болғандықтан камераңыз соңғы үлгідегі болмаса да білім алушыға сапалы дүние ұсына алатындай болуы керек.

4. Түсірілім алаңын таңдау жарықтандыру. Видеоңыздың танымалдығы көбінесе суретке байланысты. Мұнда фонның орны өте маңызды. Ең дұрысы, түсіру орны бейне сабақ тақырыбына 100% сәйкес келуі керек. Ал жарықтандыру үшін міндетті түрде арнайы жабдықтың болуы шарт емес: үйдегі шамдарды, күннің жарығын тиімді пайдалануға болады.

5. Жүргізушінің образын реттеу. Жүргізушінің болуын қажет ететін видеоларда оның образы сабақ пен тақырыпқа сай болуы керек. Стиль және түс таңдауда абай болыңыз.

6. Видеоны бөлшектеп түсіру. Бұл қадам сізді шаршап қалудан, видео сабақтың мононтонды болуынан сақтайды. Және бөлшектеп түсірілген материал монтаж жасағанға да қолайлы.

7. Оқу роликтерін жасау үшін бағдарламаны таңдап, видеоны монтаждау. Маңызды сәттердің бірі, көптеген арнайы бағдарламалар болғанымен әрқайсысының өзінің ерекшеліктері, қосымша функциялары бар. Видео сабақтар жасау үшін сарапшылар осы екі танымал бағдарламаны пайдаланады: Sony Vegas және Adobe Premiere. Скринкаст жасауға арналған бағдарламалар: «Экранная Камера», Camtasia Studio және Movavi Screen Capture.

Жоғарыдағыларға қосымша: видеоның ұзықтығы 7-10 минутты құрауы керек. Себебі, зерттеулерге сүйенсек, адам бейне материалдың алғашқы 10 минутындағы ақпаратты толық қабылдайд екен. Ал сағаттарға созылатын видеоларды тек 20 % көрермен ғана соңына дейін қарайды.

Олай болса, дайын болған бейне материалды қалаған платформаға жүктеп, өз көрермендеріңізді қуанта аласыз.

Жоба жаңалықтары
Социальное предпринимательство. Взгляд Татьяны Бурмистровой
04 ақпан 2019, 15:49:00
Вениамин Алаев: В Казахстане все больше людей с инвалидностью узнают о своих правах
27 қараша 2018, 19:37:00
Бақыт аймағы
20 қараша 2018, 19:45:00
Әлеуметтік жоба: идеядан іске асыруға дейін
18 қазан 2018, 09:43:00
Әлеуметтік кәсіпкерлік: маңызды ерекшеліктер
08 қазан 2018, 13:13:00
КСО - это про влияние бизнеса на человека и окружающую среду
28 қаңтар 2019, 11:31:00
Коммуникации для НКО. Взгляд Тимура Асланова.
21 ақпан 2019, 12:35:00
Айгерим Кошпесова: Қайырымдылық қорында жұмыс істеу маған кәсіби тұрғыда өсуге көмектеседі
07 наурыз 2019, 17:42:00
Қазақстандағы еріктілік. Теория мен практика.
18 наурыз 2019, 17:51:00
Impact Hub Almaty: Социальное предпринимательство. Взгляд Индиры Шах.
24 мамыр 2019, 11:47:00
10 способов продвижения социального проекта
25 маусым 2019, 16:39:00
Как стать благотворителем, не выходя из дома
13 тамыз 2019, 09:09:00
Есть ли польза? Как оценить ваш социальный проект
27 қыркүйек 2019, 17:26:00
Онлайн білім алу. 5 пайдалы білім беру сайты
27 қараша 2019, 11:12:00
Біргеміз. Волонтерліктегі фрешмендерге ақыл-кеңес
30 желтоқсан 2019, 10:33:00
3 «must-read» книг для волонтеров
10 ақпан 2020, 18:48:00
7 лидерских качеств успешного менеджера проектов
25 ақпан 2020, 18:17:00
Волонтерлерге арналған пайдалы онлайн-ресурстар
12 наурыз 2020, 15:43:00
Табысты фандрайзингтің ережелері
27 наурыз 2020, 12:23:00
SMM-ді жүргізуге арналған көмекші құралдар
09 сәуір 2020, 05:24:00
Полезные Telegram-каналы для НКО
17 сәуір 2020, 16:39:00
Волонтерлерге арналған онлайн курстар
22 сәуір 2020, 19:36:00
Өзін-өзі дамыту бойынша ТОП-7 кітап
30 сәуір 2020, 13:03:00
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған онлайн оқу курстары
06 мамыр 2020, 13:09:00
КЕҰ-ға арналған подкасттар
19 мамыр 2020, 18:27:00
Цифрлық волонтерлік жайында не білесіз?
28 мамыр 2020, 14:46:00
Карантин – жаңа мүмкіндіктер кезеңі
03 маусым 2020, 10:32:00
Жеке қаржымды қалай басқарамын: сарапшыға 6 сұрақ
17 маусым 2020, 16:47:00
Пандемия жағдайындағы фандрайзинг ережелері
27 шілде 2020, 09:21:00
Волонтерлерге мотивация берудің 7 жолы
11 тамыз 2020, 13:00:00
Дағдарыс кезінде әлеуметтік жобаларды ілгерілетудің жаңа әдістері мен құралдары
24 тамыз 2020, 18:30:00
Данара Саранова: Аймақтардағы еріктіліктен халықаралық деңгейдегі еріктіге дейін
15 қыркүйек 2020, 16:12:00

comments powered by HyperComments