Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Біргеміз. Волонтерліктегі фрешмендерге ақыл-кеңес

Біргеміз. Волонтерліктегі фрешмендерге ақыл-кеңес

Волонтер – әлеуметтік жауапты азамат ретінде сезінетін және өтеусіз негізде қоғамдық пайдалы қызметпен айналысатын адам. Бұл ұғым қазіргі таңда кең етек жаюда. Оның себебі әлемде болып жатқан оқиғаларға адамдардың жанашырлықпен қарауы және қол қусырып отырудан бас тартып, көмек беруге деген талпыныстың болуы.

Волонтерлік қызмет жыл өткен сайын Қазақстанда да өз орнын табуда. Осылай, еріктілер жұмысын бір жүйеге келтіру үшін, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету үшін, және жаңа мүмкіндіктерге жол ашып беру үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Келер жыл «Біргеміз» деп ұрандататын азаматтарға ауқымды жобаларға толы нәтижелі кезең боларына, және волонтерлік қызметке жаңа серпін береріне сенеміз.

Елімізде еріктілік 15 бағытта жұмыс жасайды. Олардың ішіндегі ең көп таралғандары келесілер:

  •  Әлеуметтік еріктілік - мүмкіндігі шектеулі, қарт, жалғыз басты адамдарға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және ерекшелігі бар балаларға, өзге де адамдарға көмек көрсету. Бұл еріктіліктің ең танымал бағыты.
  • Қоғамдық қауіпсіздік еріктілері мен ерікті-медиктер - өте аз таралған және бірегей бағыт. Онымен көбіне ересек жастағы волонтерлер айналысады, өйткені бұл сала ерекше және қауіпті.
  • Ивент-еріктілік -  ең ауқымды бағыттардың бірі, себебі ол бірнеше бағыттарды қамтиды. Мұнда спорттық, мәдени және өзге де бағыттардағы шараларда көмек беруге болады.
  • Экологиялық еріктілік - қазір үлкен өзектілікке ие. Еріктіліктің бұл түрі көптеген вариацияларға ие: флора мен фаунаны сақтаумен айналысуға, қалалық тазалық пен экологиялық жағдайды күзетуге немесе ұлттық саябақтардағы табиғатты сақтауға ат салысуға болады және т.б.
  • Медиа-волонтерлік - еріктіліктің «жас» түрі, енді ғана серпін алып жатыр. Медиаволонтерлер тек қайырымдылық алушыларға ғана емес, сонымен қатар еріктілер қызметін ұйымдастырушыларға – ерікті орталықтарға, қайырымдылық қорларға, КЕҰ көмектеседі. Көбінесе бұл журналисттер, фотографтар және видеографтар.

Осы тізімнен өзіңізді тапқан болсаңыз және ерікті боламын деп шешсеңіз назарыңызға келесідей көмекші тізімді ұсынамыз.

 

Еріктілер қатарына жаңа қосылған жандарға арналған TOP 5 кеңес.

  1. Жаныңызға жақын бағытты таңдап, сол бағытта жұмыс жасаңыз. Себебі бір адам еріктілікті толығымен қамти ала алмайды. Әлемнің барлық бөлігінде еріктіледің ресми/бейресми ұйымдары бар, сондықтан өзіңіздей жандарды табу қиын емес.
  2. Әр сәттен ерекше әсер алуға тырысыңыз, біраз уақыттан кейін нәтижесін көргенде таң қалатын боласыз. Еріктілік қызметтен ғаламат кәсіби, әрі өмірлік тәжірибе алуға болады. Ол сіздің бос уақытыңызды мағыналы әрі пайдалы сәттермен толтыру күшіне ие.
  3. Сіз жүрген ортада шешімі табылмай жүрген мәселе бар ма? Сол бағытта жаңа бастамаларды өз мойныңызға ала біл! Егер сіз қалай бастау керегін білмесеңіз, ата-анаңыздан, мұғалімдерден немесе тәжірибелі адамдардан сұраңыз. Әр сұрақтың өз жауабы бар.
  4. Еріктілік іспен айналыса жүріп сіз жергілікті ғана емес шетелдік тәжірибе де ала аласыз. Әлемнің барлық дерлік мемлекеттерінде, әсіресе Еуропа және Америка елдерінде еріктілерге арналған таптырмас мүмкіндіктер мен бағдарламалар бар.
  5. Ең бастысы жеке өміріңіз бен еріктілік арасындағы балансты жоғалтып алмаңыз. Егер тым көп уақытыңызды осы іске арнасаңыз, ішкі шабытыңыз бен қалауыңызды жоғалтып алу қаупі бар екенін ұмытпаңыз. Барлық істің өз мөлшері және уақыты бар.

 

Ал келесі кезек, Сіз қатарына қосыла алатын еріктілер ұйымдарында. Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 200-ден аса еріктілер ұйымы бар, ал олардың құрамында 50 000-нан астам белсенді азаматтар жұмыс жасайды. Солардың ішінде республикалық деңгейде жүйелі түрде жұмыс жасайтын ресми және бейресми ұйымдар мен топтарды атап өтелік:

  1. Ұлттық еріктілер желісі - азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. Желі 2010 жылы волонтерлік бастамалар мен волонтерлік қызмет мәдениетін қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатында құрылды. Ұлттық желі ресми ұйым ретінде еріктілерге ұсынған бірегей мүмкіндігі - «Samruk-Kazyna Trust» Қорымен серіктестікте жүзеге асырылатын «Жеңіс» жобасы. Жоба еліміздің барлық аймағындағы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік атаулы көмек көрсетеді. Бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенді еріктілерді бір арнаға тоғыстырған сәтті жоба.
  2. «Клуб добряков» еріктілер қоғамдастығы - 2015 жылы мұқтаж жандарға көмектесуге ниет білдірген адамдардан құрылған. Қазірде клубта бүкіл ел бойынша 130 мыңдай еріктілер бар. Қоғамдастықтың ерекшеліктері мұқтаж адамдармен қоса үй жануарларына да қамқоршылық жасайды. Сонымен қатар, жоғалған адамдарды іздеу, табылған заттарды табыстау, мұқтаж адамдарға жекелеп көмек беру бағыттарында нәтижелі істер атқарып жүр.
  3. «Қайырымды жандар» еріктілер тобы – еліміздің басты қалаларында тұратын жастардан құралған топ. Мақсаты мұқтаж адамдарға көмек беру. 5 жылдай уақыттан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтау сияқты қалаларда жұмыс жасап келеді. Бұл топ та басқа ұйымдар сияқты жыл бойы белсенді жұмыс жасайды. Топ жұмысының басты ерекшелігі – ауыр диагнозбен ауыратын балалардың еміне қаражат жинауға көмек беру.

Осы сияқты өзге де ұйымдар мен топтар жайында ақпаратпен биыл ғана іске қосылған еріктілерге арналған бірыңғай платформа QazVolunteer.kz таныса аласыздар. 

 

«Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі» деп Марк Твен жазып кеткендей, жақсылық жасау арқылы өзіңіз ғана емес айналаңыз да нұрланатын болады. Ел әлеуметіне ерекше үлес қосар ерікті болыңыз.

 

Авторы: Бердалиева Айнұр Қарабекқызы

Жоба жаңалықтары
Социальное предпринимательство. Взгляд Татьяны Бурмистровой
04 ақпан 2019, 15:49:00
Вениамин Алаев: В Казахстане все больше людей с инвалидностью узнают о своих правах
27 қараша 2018, 19:37:00
Бақыт аймағы
20 қараша 2018, 19:45:00
Әлеуметтік жоба: идеядан іске асыруға дейін
18 қазан 2018, 09:43:00
Әлеуметтік кәсіпкерлік: маңызды ерекшеліктер
08 қазан 2018, 13:13:00
КСО - это про влияние бизнеса на человека и окружающую среду
28 қаңтар 2019, 11:31:00
Коммуникации для НКО. Взгляд Тимура Асланова.
21 ақпан 2019, 12:35:00
Айгерим Кошпесова: Қайырымдылық қорында жұмыс істеу маған кәсіби тұрғыда өсуге көмектеседі
07 наурыз 2019, 17:42:00
Қазақстандағы еріктілік. Теория мен практика.
18 наурыз 2019, 17:51:00
Impact Hub Almaty: Социальное предпринимательство. Взгляд Индиры Шах.
24 мамыр 2019, 11:47:00
10 способов продвижения социального проекта
25 маусым 2019, 16:39:00
Как стать благотворителем, не выходя из дома
13 тамыз 2019, 09:09:00
Есть ли польза? Как оценить ваш социальный проект
27 қыркүйек 2019, 17:26:00
Онлайн білім алу. 5 пайдалы білім беру сайты
27 қараша 2019, 11:12:00
3 «must-read» книг для волонтеров
10 ақпан 2020, 18:48:00

comments powered by HyperComments