Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Айгерим Кошпесова: Қайырымдылық қорында жұмыс істеу маған кәсіби тұрғыда өсуге көмектеседі

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұжымында 20 адам еңбек етеді, оның жартысынан астамы – әйелдер.

Айгерим Кошпесова: Қайырымдылық қорында жұмыс істеу маған кәсіби тұрғыда өсуге көмектеседі

Бірақ Қордың құрамында бәрінен ұзақ жоба менеджері, тамаша маман, сонымен қатар, екі баланың анасы және бақытты әйел - Әйгерім Көшпесова жұмыс жасайды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз Әйгеріммен сұхбат жариялаймыз, онда ол жұмыстың ерекшеліктері, кәсіби және отбасылық саланы біріктіре білуі, әуестенулері және т.б. туралы әңгімелейді.

 

- Әйгерім, сен «Samruk-Kazyna Trust»-та 8 жылдан бері жұмыс істейсің. Компаниядағы сенің жолың неден басталғаны туралы айтып берші?

Жалпы, менің компаниядағы жолым 3 рет басталды! Әр түрлі басшылар, әр түрлі командалар болды... Бірақ мен алғаш рет 2011 жылы "СК-Астана" деп аталатын Қорға университетті бітіргеннен кейін бірден келдім.  Жаңа нәрселерге үйренуім үшін, өз мамандығым бойынша үздік болуым үшін мен үлкен және тәжірибелі әріптестеріме көмектескенмін.

Мен алғаш жұмыс істей бастағанда оңай болған жоқ, себебі менде әлі тәжірибе болған жоқ және бәрі жаңа болды. Бірақ мен қиындықтардан қорықпадым. Мен қайраттанып еңбек еттім және көп ұзамай барлық мүмкін есептер, сметалар, өтініштер мен үшін қарапайым іске айналды, және оларды  барынша тезірек жасай бастадым.

2013 жылы күйеуге шығып, кейін тиісті уақыттан соң жүктілік демаласына шықтым. 2015 жылы демалыстан шығып, мен ең қызықты сәттердің бірі – трансформация кезеңіне тап болдым. Және тағы да жұмысқа деген көзқарас өзгерді. Бұл шын мәнінде толық трансформация болды: Қор жобаларды атаулы қаржыландырудан әлеуметтік мәселелерді жүйелі шешуге көшті, менің функционалым айтарлықтай кеңейді. «СК-Астана» «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып өзгерді.

2016 жылы менің балам дүниеге келді, және мен тағы да жүктілік демалысына шықтым. Бірақ мен тек ана болу, отбасының ұйытқысы болу  қиын екенін түсіндім. Мен 1,5 жылдан кейін қайтадан жұмысқа шықтым, бұл менің үшінші жолымның бастауы болды. Неге бастау? Өйткені осы уақыт ішінде ұжым жаңарып, Қордың жаңа міндеттері пайда болды. Бірақ білесіздер ме, Қорымыз қандай табыстар мен ауқымдарға қол жеткізгенін көрген кезде мені мақтаныш сезімі бөледі. Мен жаңа қызықты жобаларды іске асыру үшін қандай мықты мамандар жиналғанын түсіндім.

 

- Неге қайырымдылық саласындағы жұмысты таңдадыңыз?

- Мен 8 жыл бұрын менің мақсатым қайырымдылық саласында жұмыс жасау болды деп айта алмаймын.  Мен университетте алған білімдерімді қолдануға мүмкіндік беретін жұмысты қаладым. Айтпақшы, мен есеп, аудит және талдау маманымын. Егер жұмысқа орналасу кезінде маған 5 жылдан кейін мен қайырымдылық ұйымда жұмыс істейтінімді айтса, мен мұны шындап қабылдамас едім. Бізде қайырымдылық жөніндегі менеджер білімін алу мүмкін емес, бірақ әлемде бір жерде мұндай курс бар екеніне сенімдімін.

Бірақ қазір, бірінші кезекте, біз әлеуметтік өзгерістерге бағытталғанымызға өте қуаныштымын. Қайырымдылық қордағы жұмыс маған кәсіби өсуге көмектеседі, өйткені біз көптеген міндеттерді шешеміз және олардың барлығы әр түрлі бағыттарда.

 

- Сен керемет жоба менеджерісің. Біздің жұмыспен таныс емес көптеген адамдар үшін бұл мамандық түсініксіз болып келеді. Осыны түсінуге тырысып көрейік. Сенің функционалың қандай?

- Алдымен жоба деген не екенін түсінейік. Жоба басынан аяғына дейін - басты мақсаттарға қол жеткізуге, оң өзгерістерге әкелуі тиіс құрал.

Жоба менеджері, бір жағынан, мақсаттарды нақты қойып, мазмұнын құрылымдап, мерзімі мен ресурстарын есептеп, тәуекелдерді талдау болса, екінші жағынан сауатты түрде басқара білуі тиіс.

Функционалдың шекараларының бұлыңғырлығы қиындық туғызады, бірақ бір мезгілде сапалы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Жоба менеджері – «оркестр-адам», өйткені жобаны басқару үшін экономист, бухгалтер, заңгер, салық маманы, кадр маманы, психолог және басқа да көптеген білімдерге ие болу керек. Функционал осындай кең болады және менеджер күнде бір жұмыс жасайтын коммерциялық компанияларда қабылданған стандарттарға сәйкес келмейді. Қайырымдылық саласындағы жоба менеджерінің жұмысы осымен ерекшеленеді.

Егер техникалық жағынан қарайтын болсақ, біздің жұмысымыз өтінімдерді қабылдау мен өңдеуден, шарттарды жасаудан, жобаларды талдаудан, қорытындыларды дайындаудан, мониторингтен, есептерді тексеруден тұрады. Сұр, қатал жұмыс болып көрінгенмен, бірақ бізде ол эмоциямен боялған, өйткені біз әлеуметтік, қайырымдылық жобалармен жұмыс істейміз.

 

- Сұрақ қояйын, мүмкін, қарапайым сұрақ болмас. Әйгерім, жеке сен үшін Траст нені білдіреді?

- Мен өз жұмысымды жақсы көремін және осындай қайтарыммен қайда жұмыс істей алатынымды елестетпеймін деп сеніммен айта аламын. Мен коммерциялық компания емес, әлеуметтік бағыттағы қорда жұмыс істегенімнен ләззат аламын. Кім үшін жұмыс жасайтынымды білемін.

Адамдар барлық күштерін салып жұмыс істейді, көбірек білуге, біздің алушыларға көмектесуге тырысады. Қордағы жұмыс әрдайым оқуға, білім беруді жалғастыруға ынталандырады. Жұмыс маған эмоционалдық қанағат береді. Көптеген адамдар шағымданады, бір жерде жұмыс істеуден шаршайды деп айтады. Менде керісінше. Мұнда ең үздік әріптестер, олар менің достарым, оқу мен дамуға мүмкіндік беретін тамаша басшылық бар.

 

- Саған қандай жобалар ұнайды және неге?

- Мүмкін, барлық жобалардың ішінде «Жас таланттар» жобасы ерекше сезімді тудырады. Ол жеңіл, қарапайым және көңілді көрінеді, бірақ шын мәнінде көп энергия мен уақытты талап етеді. Мен әрбір өтінім үшін уайымдаймын, әр бала үшін күресемін, өйткені кез-келген конкурс - бұл балалар үшін өзін көрсетуге, қиындықтарды жеңудің жаңа тәжірибесін алуға, өзін-өзі тәртіпті дамытуға, жеңістен ләззат алуға және өздерінің жеңілгендігін қабылдауға мүмкіндік. Сонымен қатар, бұл балаларды өмір бойы қалатын нәтижеге жетудің өзіндік стратегиясын қалыптастыруға үйретеді.

Одаренный ребенок может появиться на свет в любой семье независимо от статуса и социального положения, материального и имущественного достатка, состояния здоровья и независимо от того, где родился ребенок – город это или село.

Дарынды бала мәртебесі мен әлеуметтік жағдайына, материалдық және мүліктік әлеуетіне, денсаулық жағдайына, баланың қай жерде туғанына, қала немесе ауыл, қарамастан кез келген отбасында дүниеге келуі мүмкін.

Поддержка и забота о талантливых детях – это вклад в будущее нашей страны. Я считаю, что нужно давать возможность детям ездить, узнавать мир, проявлять свои таланты и всячески помогать, если их родители по тем или иным причинам не могут себе этого позволить. Возможно, кто-то из этих детишек в будущем станет большой звездой и прославит свой регион, нашу страну. И мы будем очень рады, если свою роль в этом сыграет «Samruk-Kazyna Trust».

Дарынды балаларға қолдау көрсету және қамқорлық – бұл еліміздің болашағына үлес. Менің ойымша, егер олардың ата-аналары қандай да бір себептермен оған мүмкіндік бере алмаса, балаларға баруға, әлемді тануға, өз дарындарын көрсетуге және жан-жақты көмектесуге мүмкіндік беру керек. Мүмкін, осы балалардың бірі болашақта үлкен жұлдыз болып, өз өңірімізді, елімізді даңққа бөлейді. Егер бұл рөлді «Samruk-Kazyna Trust» ойнаса, біз өте қуаныштымыз.

 

- Сен сауатты маман болумен қатар екі тамаша баланың анасысың. Кәсіби және отбасылық стездерді қалай біріктіруге болады? Бәрін бірдей үлгерудің құпиясы бар ма?

- Иә, мен айтқандай, менің екі балам – қызым мен ұлым бар. Олар әртүрлі, Амина - тыныш, ақылды, әдепті. Раян - әуесқой, тынымсыз, шыдамсыз. Әрқайсысына тәрбие беруде бөлек көзқарас қажет. Әрине, олар мен үшін өмірдің мәні ғана емес, олар - өмірдің өзі.

Мен жұмыс уақыты мен өз отбасыма арнаған уақытты нақты ажыратуға тырысамын. Балалар мені тәулігіне бірнеше сағаттан ғана көргенін қаламаймын.  Сондықтан біз бірге ойнаймыз, оқимыз, сөйлесеміз.

Ал мен күйеуімнің және ата-анамның арқасында барлығын үлгеремін, олар мен үшін жай ғана «алтын». Менің отбасым - менің тірегім.  Отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас - жұмысты, отбасын және жеке бос уақытты табысты ұштастырудың кепілі.

Менің сүйікті енем маған өте қатты көмектеседі: ол мені үй жұмыстарынан босатады, балаларға қарайды, оларды дамытумен айналысады, өйткені білімі бойынша ол педагог, шығармашылық адамы. Және ол кісі маған ешқашан «Үйде отыр» деп айтпайды. Ол әйелдің жұмыс істеуі және дамуын қолдайды, сондықтан менің алаңдамауым және тыныш жұмыс істеуім үшін барлық жағдайды жасайды.

Менің күйеуім Қуаныштың өз бизнесі бар, сондықтан оның кестесі еркін. Және ол балаларды үйде және тәрбиелеуде жүктемені менімен теңдей бөледі.

Менің ата-анам Семей қаласында тұрады, бірақ олар маған жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін (күлді) жай ғана жұмыстарын тастап келіп, маған балаларға қарауда көмек бере алады .

Маған жұмыс бойынша ұзақ іссапарға бару қажет болған жағдай болды, бұл өте қиын болатынын түсіндім: мен балаларымсыз жүре алмаймын, ал олар – менсіз. Сондықтан отбасылық кеңесте біз олар менімен бірге барады деп шештік, ал менің анам менің болмаған кезде бала күтетін болады. Біз өте қызықты саяхат, жаңа тәжірибе алдық деп айтуға болады.

Басқа іссапарға менімен бірге күйеуім барды, жай ғана маған серік болу үшін.

Шын мәнінде, біреу үшін бұл арман, мен осындай тамаша отбасымның барына тағдырыма ризамын.

 

- Сен керемет үй бикесісін және сенде бір керемет хобби бар. Ол туралы толығырақ айтып берші.

- Біздің ұжымымызда барлығы да мен тағам дайындағанды, әсіресе, торт, тәттілер жасағанды жақсы көремін. Біз тәттілерді дүкеннен сирек сатып аламыз.

Жалпы, біздің отбасыда барлығы тәттіні жақсы көреді, қызым өсіп қалды және енді әрдайым тағам дайындауға маған көмектеседі, оған бұл процесс өте ұнайды: бірдеңе араластырып, миксермен ұрып, тортты безендіреді.

Бала кезімде менің анам да пісіру процесіне қатысуға рұқсат еткені есімде, мен одан ләззат алатынмын және сол кезде осы хоббиге деген махаббатым пайда болды. Ал қазір мен өзімнің жақындарым дайындаған тағамдарыма қуанғанын көргенде ләззат аламын.

Ал пісіру кезінде мен бәрінен бөлектеніп, жай ғана процеске енгенді ұнатамын, оның арқасында менэнергияға толамын және осылайша демаламын.

 

- Сұхбат үшін рахмет!

 


 


Жоба жаңалықтары

comments powered by HyperComments