Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Жетім балаларсыз Қазақстан - 2019

Жетім балаларсыз Қазақстан - 2019

Жобаның географиясы: Қазақстан Республикасы

Қысқаша сипаттама: "Жетім балаларсыз Қазақстан" жобасы балаларды отбасына орналастыра отырып, проблемалық жағдайлар бойынша отбасылар мен асырап алушы балаларға заңдық қолдау көрсетуге бағытталған.

Жетім балалар асырап алу құқығынан айырылған себептерді жою, сондай-ақ Қазақстан азаматтары асырап алатын балалардың санын күрт ұлғайту мақсатында қазақстандық бала асырап алушылар үшін жағдай жасау арқылы жетім балалар проблемасын шешу жобасы.

«Бейбіт заманда елімізде мыңдаған жетім балалар бар – балалар үйлері мен жетімдер паналары лық толы. Өкінішке орай, бұл жалпыәлемдік үрдіс, жаһандануға қарсы жауапты әрекет. Бірақ біз осы үрдіспен күресуге тиіспіз. Біздің мемлекет пен қоғам жетім балаларды асырап алуды, отбасылық түрдегі балалар үйлерін салуды көтермелеп қолдауға тиіс. Балалар – қоғамның ең осал және ең қорғалмаған бөлігі, олар құқықсыз болмауы тиіс», - деді Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы атты жолдауында.

2012 жылы «Мейірімділік Ерікті Қоғамы» Қоғамдық қоры мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісімнің аясында бірегей сайт – жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың онлайн деректер қоры – www.usynovite.kz іске қосылды. Жобаға қаржылық қолдау көрсеткен Samruk-Kazyna Trust интернет-тұғырнаманың құрылуы балалардың жаңа ата-анаға ие болу мүмкіндіктерін арттыра түседі деген сенімде.

 

2019 жылдың 18 қыркүйегіндегі жобаның нәтижелері:

1) 381 отбасы;

2) 3 жастан 14 жасқа дейінгі 5 бала асырап алған отбасына қамқорлыққа орналастырылды, 6 жастан 11 жасқа дейінгі 3 бала патронат отбасына орналастырылды;

3) "День Аиста" 14 бағдарлама шықты.