Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар


Жеңіс

Жеңіс

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету.


5 083
5 083 ардагер 2015 жылғы жобаның аясында жедел жәрдем шақырту үшін «дабыл түймелері» бар ұялы құрылғылармен қамтамасыз етілген
2 911
Жиыны Қазақстанда тұратын 2 911 ардагерге 2016 жылы жүргізілген жобаның аясында көмек көрсетілді

2015 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығын тойлау іс-шараларының жоспарын іске асыру мақсатында «Жеңіс» атты әлеуметтік-қайырымдылық жобасы іске қосты. 2015 жылы Жоба аясында келесі іс-шаралар жүргізілді: 1) Қазақстанда тұратын 5 083 Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер жедел жәрдем шақырту үшін «дабыл түймелері» бар ұялы құрылғылармен қамтамасыз етілді, 2) Соғыстың тарихы, қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі, Соғыс қаһармандарының ерлігінің сипаттамасы, Отан қорғаушылар туралы ақпарат жинақталған деректер қоры, майданнан келген хаттардан тұратын zhenys.kz интернет-сайты іске қосылды, 3) ардагерлердің арасында сауалнама жүргізілді және «Қажеттіліктер картасы» қалыптастырылды, 4) «КТК» арнасында «Халық қаһарманы» бағдарламасының түсірілімі мен көрсетілімі, сондай-ақ әлеуметтік желілерде Жеңістің 70-жылдығына арналған сайыстар ұйымдастырылды, 5) Бірінші «Еуразия» арнасының эфирінде «Біздің соғыс» көп сериялы фильмінің өндірісі мен көрсетілімі ұйымдастырылды, 6) әлеуметтік желілерде жалпыреспубликалық фотосайыс, сондай-ақ мектеп оқушыларының арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған шығармалар сайыстары ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бастамасымен жоба бойынша жұмыс жалғастырылды: - «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдары мен қайырымдылық көмекті пайдаланушылар Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне салтанатпен құрмет көрсету жөніндегі бірқатар іс-шараларды жүргізді: 1) гүлдер мен азық-түлік кәрзеңкелерінің табысталуымен ардагерлердің үйлеріне барып қайту, 2) Еншілес ұйымдардың басшыларының қатысуымен мерекелік концерттер мен түскі астарды ұйымдастыру, 3) жұмыскерлердің арасында Жеңіс Күніне арналған спорт шараларын, салтанатты жиналыстарды өткізу, 4) ардагерлерге салтанатпен құрмет көрсету, салтанатты шеру, Ұлы отан соғысындағы жеңіске арналған ескерткіштерге, обелисктер мен мемориалдарға гүл шоқтарын салу жөніндегі қалалық және аудандық іс-шараларға қатысу, «Samruk-Kazyna Trust» ҚҚ мен «Қазпошта» АҚ бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Дала поштасы» патриоттық акциясын бастамалады. Акцияға көзі тірі ардагерлерге хат жазып, қайсарлық, отансүйгіштік, фашизммен күрес, бостандықты сақтау мен бейбіт аспан астындағы өмір үшін алғыс білдіріп, барлық қалаған қазақстандықтар қатыса алады.


Жоба жаңалықтары