Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар


Тәлімгерлер

Тәлімгерлер

«Тәлімгерлер» жобасы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға көмек көрсетуге, өмірлік әлеуетін ашып, ересек ерікті-тәлімгерлермен тілдесу арқылы дербес өмір дағдылары мен ептіліктерін қалыптастыруға бағытталған.


79
10-13 жас аралығындағы балалардың жеке тәлімгерлері бар
25
14 жасар балалар кәсіби коучтармен жұмыс істейді

Жоба 2014 жылдың қарашасынан бері жүргізіліп, Қазақстанның үш қаласында: Астана, Алматы және Қарағандыда іске асырылуда. 2016 жылдың тамызынан бастап «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау көрсетіп келеді. Жобаны іске асыру барысында балалар үйіндегі әр баланың жеке ересек досы мен тәлімгерінің пайда болатыны жоспарланып отыр. Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға дербестік, қарапайым тұрмыстық дағдылар, сондай-ақ өз күшіне деген сенім мен дербес өмір сүруге ынта жетіспей жатады. Баланың жеке тәлімгері – яғни, нақты балаға жеке қызығушылық танытатын ересек адам болса, бұл жағдайды өзгертуге болады. Тәлімгер балаға аға дос болып, сабағына, байланыс орнату дағдыларын жетілдіруге, әлеуметтік құзыретін дамытуға көмектесе алады. Ал жасөспірімнің балалар үйінен шыққан соң, жеке көмек пен кеңес сұрап жүгінетін адамы болады. «Тәлімгерлер» жобасының аясындағы тәлімгерліктің мынадай түрлері бар: • Жеке тәлімгерлік ересектің бір баламен өзара қарым-қатынасын көздейді; • Корпоративтік тәлімгерлік – қазақстандық компанияларды «Тәлімгерлік» жобасына тарту; • Коучинг – баланың жеке мәселелерін шешуге көмектесетін және мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыратын кәсіби даярланған коучтердің (жеке жаттықтырушылардың) жасы 15 асқан балалалармен жұмыс істеуі. Коуч ынталандырады, уақытты тиімді пайдалануды, басқа адамдармен байланыс орнатуды үйретеді. 2014 жылдан бастап жобаның нәтижелері: • тәлімгерліктен үміткер 204 адам «Тәлімгер мектебі» бағдарламасы бойынша кәсіби оқытудан өтті; • 10-13 жас аралығындағы 79 баланың жеке тәлімгерлері бар; • 14 жастан асқан 25 бала кәсіби коучтермен жұмыс істейді; • жобаға қатысқан 7 бала өз тәлімгерлерінің тұлғасында отбасына ие болды; • екі қалада тәлімгерлер мен балаларға арналған психологиялық қолдау көрсету қызметі құрылды. Жыл сайын үш орталық бұзушылықтары бар 700 астам балаларды оңалту шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жоба жұмысы 2017 жылы өз мәресіне жетті.