Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Медициналық пойыздар - 2019

Медициналық пойыздар - 2019

Жобаның географиясы: Қазақстан Республикасы

Қысқаша сипаттама: Жоба шалғай бекеттер мен разъездердің тұрғындарын медициналық пойыздардың қатынауын ұйымдастыру арқылы сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған.

"Медициналық пойыздар" жобасы Қазақстанның шалғай аудандарының тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсетеді.

Пойыздардың медициналық бригадаларының құрамында білікті дәрігерлер бар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог. Пойыз толық спектрлі заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған.

Ағымдағы жылы медициналық пойыз Алматы қаласынан басталып, Қазақстанның барлық облыстарына барады. Пойыз неміс және жапон өндірісінің жетекші фирмаларының заманауи диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратура қажет болған жағдайда емделушілерге жалпы және биохимиялық талдау, рентгенография және флюорография, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеу, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.

2019 жылдың 18 қыркүйегіндегі жобаның нәтижелері:

1. жоба 29 сәуірде басталды. 
2. пойыз жалпы және биохимиялық талдауларды жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық жабдықтармен 4 медициналық вагонмен жабдықталған. 
3. ағымдағы күнге 131 бекет (Алматы облысында 21 бекет, ШҚО 16 бекет, Павлодар облысында 10 бекет, СҚО және Ақмола облысында 28 бекет, Қостанай облысында 13 бекет, Қарағанды облысында 16 бекет, БҚО 9 бекет, Ақтөбе облысында 15 бекет, Атырау облысында 3 бекет) тұрғындары тексерілді.
Қазіргі уақытта медициналық пойыз Ақтөбе облысында.
 

"Жәрдем" пойызының статусы:

1. 2019 ж.19 тамыздан бастап желтоқсан айына дейін Жәрдем пойызы жолға шықты, ол Қазақстанның 6 облысындағы 78 бекетте болады;

2. ағымдағы күнге 22 бекет (Жамбыл облысындағы 17 бекет, Түркістан облысы 5 бекет).