Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Балалардың мүдделері үшін қозғалыс - 2018

Балалардың мүдделері үшін қозғалыс - 2018

3
Отбасылық аула клубтарының саны 1 болса, қазіргі уақытта 3 жетті
1 521
бала 20-дагн астам үйірмелер мен секцияларға қатысады

Жоба географиясы: Астана қаласы 

Қысқаша сипаттама: Жоба халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың бос уақытын тегін ұйымдастыруға және білім беру, спорт, музыкалық, шығармашылық үйірмелерде оқытуға және "Бақытты отбасы" клубында отбасыларға тегін психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.

Жобаның мақсаты Астана қ. аула клубтарын қолдау мен дамыту арқылы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету.

Ата-аналарының үнемі жұмысбасты болуының салдарынан аз қамтылған отбасылардағы балалардың өз қарауында қалуы мәселесі осы күндері айрықша маңызға ие. «Замандас 21» ҚҚ «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды отбасылық аула клубының қызметіне тарту арқылы бос уақытын толтыру мәселесін шешеді.

Жоба кешенді, және балаларға да, ата-аналарға да қатысты, ал бұл отбасы ішінде ахуалға жағымды ықпал етеді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар өз құрдастарымен қарым-қатынасу қабілеттіліктері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

2017 жылы: 
1. Астана қаласында 3 аула клубы жұмыс істеді; 
2. 17 үйірме мен секциялар жұмыс істеді;
3. 803 бала қамтылды.

Жобаның 2018 жылғы нәтижелері:

1) 3 аула клубындағы 20-дан астам үйірме мен секцияларға 1 521 бала қатысады;
2) 137 балаға психологиялық диагностика қойылды;
3) балалар мен олардың отбасыларына арналған әртүрлі мәдени және оқу-сауықтыру шаралары ұйымдастырылады (театрлар, музейлер, цирктік шоулар, кино және т.б.);
4) 09.09.2018 ж. жоба аясында Астана қаласындағы "Жетісу" саябағында Отбасы күніне арналған іс-шара өткізілді;
5) 8 желтоқсанда Абай даңғылы МҮ-де зияткерлік ойын және Ш. Құдайбердіұлы көшесіндегі МҮ - де балалар мен ата-аналарға арналған мерекелік концерт өткізілді;
6) 15 желтоқсанда МҮ Қошқарбаев көшесінде Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті.


Жоба жаңалықтары