Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Балаларға өмір сыйла - 2018

Балаларға өмір сыйла - 2018

209
бала емделуге жіберілді

Жобаның географиясы: Қазақстан Республикасы

Қысқаша сипаттама: Жоба Қазақстан Республикасында емделмейтін ауыр аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстанда емделмейтін болып есептелген ауруларға қатысты жағдай біртіндеп өзгеруде, жоғары білікті мамандар пайда болуда, алайда елдегі медицинаның дамуындағы ілгерілеуге қарамастан, көптеген балалар көмекке дәл қазір зәру. Қазақстандық балаларды шетелде емдеу қажеттілігі туындайды. «Балаларға өмір сыйла» жобасының аясында Әкімгер - «Милосердие» ерікті қоғамы» ҚҚ Қазақстанда емделмейтін дертке шалдыққан балаларды емдеуге ақша жинаумен, емдеудің жоғарғы деңгейі мен төмен құнын ұсынатын шетел емханаларын іздеумен, және балаларды дерттің асқынуын тоқтата алатын немесе тіпті аурудан толық айықтыра алатын ота жасауға жіберумен айналысады. «Балаларға өмір сыйла» жобасы балаларға дендері сау болашақта өмір сүруге мүмкіндік береді. Науқан аясында қаржыландыруға ие болу үшін баланың шалдыққан дертінің Қазақстанда емделмейтіні туралы медициналық қорытынды алу қажет. Науқан аясында көмек сұрап жүгінулердің басым көпшілігі қатерлі ісік, әртүрлі даму кемтарлықтары диагноздарымен байланысты.

2007 жылдан бері жоба аясында 1 376 бала 11 228 728 АҚШ доллары сомасына емделді (1 906 ота жасалды). Бұл құралдар әртүрлі жолдармен: СМС қайырымдылықтардан қазақстандық компаниялардың ірі қаржы бөлуіне дейін, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ тұрақты қаржылық қолдауымен жиналды.

Жобаның 2018 жылғы нәтижелері:
1) 326 өтініш түсті, 209 бала емделуге жіберілді;
2) ағымдағы жылдың басынан бастап тартылған ақша - 313 млн.теңге.