Жоба географиясы: жоба Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда,Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында жүзеге асырылады.
Қысқаша сипаттама:Азаматтық сектор өкілдерінің бизнес бастамаларын қолдай отырып, аймақтардағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру:
1) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және бизнесті жүргізу дағдыларын дамыту;
2) үздік стартаптарға конкурстық негізде гранттарды қаржыландыру;
3) 9 ай ішінде бизнес-кеңесшілердің және менторлардың тұрақтылығын арттыру үшін оларға ілесіп жүру және мониторинг жүргізу.
2018 жылғы жобаның нәтижелері:
1) 96 грант алушымен қайырымдылық шарттары жасалды және төлем жүргізілді;
2) грант алушылар жобаларды іске асыруға кірісті;
3) грант алушылар үшін 2 вебинар өткізілді.
«ӘREKET» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасын іске асыру туралы ЕРЕЖЕ