Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


«ӘREKET» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту - 2019

«ӘREKET» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту - 2019

Жобаның географиясы: Қазақстан Республикасы

Қысқаша сипаттама: 2019 жылы гранттар байқауына 150 млн. теңге бөлінді. Байқау шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа үміткер бола алады.

Қор кәсіпкерлік тәсілді қолдана отырып, әлеуметтік проблемаларды тиімді, инновациялық және тұрақты шешімдерді енгізуге бағытталған КЕҰ жобаларын қолдауды жоспарлап отыр. 

Байқауға қатысу коммерциялық емес ұйымдарға:

әлеуметтік кәсіпкерліктің білімі мен дағдыларын алу;
әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы сарапшылармен жобаны пысықтау;
кәсіпкерлік құзыретті дамыту;
пайдалы байланыстар желісін дамыту;
әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз жобасын іске қосу/дамыту үшін Қор тарапынан қаржыландыру алу.


2019 жылдың 18 қыркүйегіндегі жобаның нәтижелері:

1. 15 мамырдан 03 маусымға дейін Орал, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған, Көкшетау, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Петропавл, Қарағанды, Өскемен, Нұр-Сұлтан жалпы саны 577 қатысушы;
2. ағымдағы жылдың 30 маусымына байқаудың бірінші кезеңіне 290 өтінім түсті; 
3. ағымдағы жылдың 12 шілдесінде бірінші кезеңнің байқау комиссиясының отырысы өткізілді, оның нәтижелері бойынша екінші кезеңге қатысу үшін 67 өтінім таңдап алынды;
4. ағымдағы жылдың 01 тамызында екінші кезеңнің конкурстық комиссиясының отырысы өткізілді, оның нәтижелері бойынша үшінші кезеңге қатысу үшін 52 өтінім таңдап алынды.
6. 13-15 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында іріктеудің 2-ші кезеңінен өткен 51 КЕҰ үшін "Инкубатор" оқыту бағдарламасы өткізілді.
7. 16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Байқау комиссиясы алдында жобалар қорғалды, нәтижесінде 27 грант алушы іріктелді.