Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар


Жас қазақстандықтар республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу үшін жол жүру гранттарын ала алады

Жас қазақстандықтар республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу үшін жол жүру гранттарын ала алады

 «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Жас таланттар» жобасының жалғасатынын хабарлайды.

Жобаның мақсаты - республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстарға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, спорттық жарыстарға және қоғамның тұрақты дамуына, мәдени қоғамдастық пен адами әлеуетті дамытуға ықпал ететін өзге де іс-шараларға қатысу үшін балаларға жол жүру гранттарын (авиа -, авто -, теміржол билеттерін екі жаққа) беру.

Ережеге сәйкес, 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе қамқоршылары, балалар ұжымдарының, әлеуметтік мекемелердің басшылары жол жүру грантын алуға өтінім бере алады.

Грантты ұсыну үшін өтінімді іс-шара басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей беру қажет. Шешімді құрамына «Samruk-Kazyna Trust» Қоры мен Қордың Қамқоршылық кеңесінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның қоғам қайраткерлері кіретін арнайы құрылған комиссия қабылдайды.

 «Жол жүру грантын алу үшін өтініш беруші тұру мен тамақтануды өз бетінше төлеген жағдайда кез келген адам өтінім бере алады. Сондай-ақ, өтінімдерді қарау кезінде комиссия қатысушының әлеуметтік мәртебесін ескереді, көп балалы, толық емес отбасылардың балаларына, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне ерекше назар аударады», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.

Жол жүру гранттарын беру ережесімен, сондай-ақ өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімімен өтініш берушілер Қордың сайтында, «Құжаттар» бөлімінде таныса алады.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері 69 дарынды бала жол жүру гранттарына ие болды, 2018 жылы 27 бала грантқа иегері атанды. Балалар 10 елдің: Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Франция, Беларусь, Қытай, Венгрия, Польша, АҚШ, БАӘ шығармашылық конкурстары мен спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды.

 

Кеңес беру және өтінім беру мәселелері бойынша жоба менеджері Әйгерім Көшпесоваға хабарласуға болады: 8 (7172) 24 80 14.


Басқа жаңалықтар