Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Жаңа жылдық әлеуметтік шеберхана

Жаңа жылдық әлеуметтік шеберхана

Samruk-Kazyna Trust жаңа жыл қарсаңында Қор серіктестері мен ескі достары қатысқан әлеуметтік шеберхана ұйымдастырды.

Күннің бірінші жартысында Қор қызметкерлері мен қонақтар «Замандас» отбасылық-аулалық клубына жиналды. Онда оларды арт-терапевтер мен дизайнерлер күтіп алып, әлеуметтік шеберхана қатысушыларына тігін, мүсіндеу және декорациялау сабақтарын өткізді. Көптеген адамдар тіпті ине мен қылқаламды алғаш рет қолдарына алса да, соңында әрбір қонақтың қолынан нағыз өнер туындылары шықты.

Шеберлік сыныбынан кейін қатысушылар өздері жасаған бұйымдар мен тілектер жазылған хаттар салынған сыйлық қалталарын дайындады. Жаңа жылдық сыйлықтарды қонақтар «Қасиетті жол» оңалту орталығының балаларына сыйға тартты. Балалар ғана емес, оларды құттықтауға келген ересектер де уақытты мейірімділікке толы өткізіп, жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күйге ие болды.

"Осындай әртүрлі эмоцияларға кенелемін деп күтпедім. Мен өз істерін бар жанымен атқаратын ғажайып адамдармен таныстым. "Замандас" отбасылық-аула клубында балаларды қызықтыратын өте жайлы үй атмосферасы бар. Әдеттегі жұмыс кестемнен алшақтап, осы атмосфераға түсіп, жаңа нәрселерді үйрену, ең бастысы оңалту орталығынан балаға өз қолдарыммен сыйлық жасау мен үшін жағымды болды. Ерекше балалармен, олардың мықты ата - аналарымен, балаларды аяққа тұрғызатын дәрігерлермен танысу аналар мен әкелерге үміт береді", - деп шеберхана қатысушысы, "Elorda Aqparat"-тың бас редакторы Салтанат Тоқабекова өз әсерімен бөлісті.


Басқа жаңалықтар