Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды

Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды

Жамбыл облысында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында, Қордай ауданы Масаншы ауылында және Тараз қаласы Қаратау-2 шағын ауданында үш әмбебап спорт және ойын алаңы ашылды. Аймақта спорт алаңдарын орнату бойынша жобаны «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп іске асырды.

Жаңа спорттық және ойын кешендері бірнеше бөліктен тұрады - жасанды көгал және 30 көрерменге арналған мінбесі бар футбол алаңы, workout жаттығу алаңы, балаларға арналған әткеншектер, төбешіктер және құм аймағы. Алаңның периметрі бойынша қоқыс салатын орындықтар мен қоқыс жәшігі орнатылған. Осындай бір кешеннің аумағы 1300 шаршы метрді құрайды.

Тараздағы алаңның салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Ол үшін  халыққа арналған спорттық инфрақұрылымға қол жетімділікті қамтамасыз ету қажет. Бүгінде біздің өңірде спортпен белсенді айналысу үшін барлық жағдай жасалуда. Ағымдағы жылы спорт нысандарының инфрақұрылымын жаңарту бойынша 120 жоба іске асырылуда, 13 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 92 спорт алаңы салынады. Жыл сайын дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын адамдар саны өсуде. Жамбылдықтар салауатты өмір салтын таңдайды, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, алаңдарды орнатуға арналған орындарды Жамбыл облысы әкімдігі мен «Samruk-Kazyna Trust» Қоры жергілікті азаматтық қоғаммен бірлесіп анықтаған. Жамбыл облысының әкімдігі алаңдарды орнату үшін аумақты ұсынды, «Samruk-Kazyna Trust» Қоры алаңдарды орнатуды толық қамтамасыз етті, әрі қарай олар жергілікті атқарушы органдардың балансына олардың сақталуын қамтамасыз ету және функционалдығын қолдау үшін беріледі.

- Мұндай алаңдар балалар үшін де, ересектер үшін де қолжетімді, оларға бару – тегін. Алаңдар салауатты өмір салтын қолдау және балалар спортын дамыту, қала мен ауыл тұрғындарын заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында орнатылады, - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Іргебаев Мирас.

Әкімдік пен жобаны ұйымдастырушылар жергілікті тұрғындарды алаңдарға ұқыпты қарауға, құрылымдарды сындырмауға және аумақта қоқыс тастамауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, әмбебап алаңдарды орнату жобасын «Samruk-Kazyna Trust» Қоры «Менің елім» Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. «Менің елім» бағдарламасының жобалары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және өңірлердегі адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жоба іске қосылған сәттен бастап бүкіл ел бойынша 130-дан астам әмбебап спорт және ойын алаңдары орнатылды.

Алаңдардың мекенжайлары:

1. Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ Батыр көшесі, А. Суханбаев атындағы саябақ аумағы;

2. Қордай ауданы, Масаншы ауылдық округі, Масаншы ауылы, Мәңгілік Ел көшесі, 17 ғимарат, № 12 орта мектептің маңы;

3. Тараз қ., Қаратау (2) ш/а, 1,2,3,4,5 үйлердің жанында.


Басқа жаңалықтар