Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар балаларға мүгедектерге арналған арбалар табысталды

Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар балаларға мүгедектерге арналған арбалар табысталды

13 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Мерекеде сыйлықтар тарату дәстүрге айналған жағдай, және бұл күн де ерекше атап өтілді.

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Нұрлы Астана» Корпоративтік қорымен бірлесіп Тәуелсіздік күні қарсаңында ерекше қажеттіліктері бар балаларға жаңа мүгедек арбаларын беруді шешті.

«Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттіліктері бар 5 мыңға жуық бала тұрады. Біз «Samruk-Kazyna Trust» Қорымен бірлесіп, өз тарапымыздан олардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосып, осы арбаларды табыстауды шештік. Сонымен қатар, 500-ге жуық адам азық-түлік себетімен, гигиена құралдарымен және қажетті киіммен қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті «Нұрлы Астана» КҚ директоры Шахмардан Жанбосынов.

Іс-шараға «ерекше» балалардың ата-аналары мен қамқоршылары қатысты. Балалардың бірінің әжесі Венера Жаппарова «Samruk-Kazyna Trust» Қорына қажетті сыйлық үшін алғысын білдірді.

«Менің немерем Ясмин 2 жаста, оның диагнозы - БМС, аяқтардың параличі: бала жүрмейді, тіпті отыра да алмайды. Менің қызым Ясмин мен оның әпкесін жалғыз тәрбиелейді, мен оған көмектесемін. Біз үшін бұл арба үлкен көмек болды, себебі біз Ясминді барлық жерде қолымызда алып жүреміз, кейде серуенге, таза ауаға шығу қиын. «Samruk-Kazyna Trust» Қорына қолдау көрсеткені үшін рахмет, бізді қайғымен жалғыз қалдырмайтыныңызға рахмет», - дейді Венера Жаппарова.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында «Samruk-Kazyna Trust» Қоры «Мектепке жол» науқанына қолдау көрсетіп, елорданың 3 000-нан астам кішкентай тұрғындарын мектеп жиынтығымен жасақталған сөмкелермен қамтамасыз еткен болатын.

Сондай-ақ, осы күні Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік мекемелеріне қазақстандық бизнесмен, меценат Қайрат Боранбаевтің атынан 10 инватакси табысталды.


Басқа жаңалықтар