Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Медициналық пойыздар: Дәрігерлер өңірлерде ең көп таралған ауруларды атады

Медициналық пойыздар: Дәрігерлер өңірлерде ең көп таралған ауруларды атады

Қазақстанда "Медициналық пойыздар" жобасының кезекті маусымы аяқталды.

Пойыз өз жұмысының үш айдан көп уақыты ішінде 9 өңірде болды, олар - Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау ("Денсаулық"); Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары ("Саламатты Қазақстан"). Пойыз 17 360,6 шақырым ("Денсаулық" - 9720,6 км," Саламатты Қазақстан " - 7640 км) жерді жүріп өтті.

Биылғы жылы дәрігерлер 124 бекеттің тұрғындарын тексеріп шықты, ал бұл дегеніміз 41 000-нан астам адам. Оның 6 000-нан астамы балалар. Бұл ретте дәрігерлерге тексерілуге келушілер саны 192 000-ға жуық болды. Сонымен қатар, 3 000-нан астам кіші хирургиялық операциялар жүргізілді.

Дәрігерлер шалғай бекеттердің тұрғындары арасында ең көп таралған ауруларды да атап өтті. Олардың арасында - артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, созылмалы бронхит, эндемиялық жемсау бар.

Биылғы жылы "медициналық пойыздар" жобасы 3 қыркүйекте басталды. Медициналық бригадалардың құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс істеді, олардың арасында терапевт, хирург, маммолог, окулист және басқалары бар.

Жобаны "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының атынан "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры біздің серіктестерімізбен - "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырады.


Басқа жаңалықтар