Хабарлама сәтті жіберілді
Арекет
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Қазақстандық КЕҰ-лар әлеуметтік кәсіпкерлікке көшіп жатыр

Қазақстандық КЕҰ-лар әлеуметтік кәсіпкерлікке көшіп жатыр

Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған «ӘРЕКЕТ» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаның аясында 98 ұйым өз бизнесін дамыту үшін гранттар жеңіп алды.

2018 жылдың 23 шілдесінен бастап 18 тамызына дейін «ӘРЕКЕТ» жобасы аясында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері кәсіпкерлік оқытудан өтті және гранттар байқауына қатысты.

Бүгінде барлық КЕҰ-лар бағыттары мүлдем әртүрлі – балаларға арналған тактильді оқулықтарын шығарудан бастап, мүгедектер арбасын жөндеу цехын ұйымдастыруға дейінгі жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кетті.

 «ӘРЕКЕТ» жобасы аясында барлық саны 180 КЕҰ-дан 265 тыңдаушы оқытудан өтті, олардың 98-і кәсіпкерлікті дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде гранттар жеңіп алды.

 «Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік трендке айналып, жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Бүкіл әлем бойынша әлеуметтік кәсіпкерліктің арқасында коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік жауапты бизнеспен айналыса алады. Біз «ӘРЕКЕТ» жобасын КЕҰ-ды өздіктерінен ақша табуға үйрету мақсатында жарыққа шығардық. Біріншіден, бұл – олардың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, екіншіден, оларға өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деп «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Іргебаев Мирас атап өтті.

Іргебаев Мирастың айтуынша, Қордың менеджерлері жоба жетекшісінің рөлін атқарады, және грант алушы ұйымдарға нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бизнес-жоспарларды барынша тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.

Еске салайық, «ӘРЕКЕТ» жобасы 18 маусымда басталды. Бұл «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Бірінші кезең - өтініштерді іріктеу кезеңі, содан кейін КЕҰ өкілдерін оқыту басталды. Тренинг барысында олар әлеуметтік бизнес негіздері, маркетинг, қаржы, питчинг және бизнес жүргізудің құқықтық аспектілерін зерттеді. Жобаның барлық қатысушылары үшін үшінші кезең гранттар байқауы болып табылды, оның барысында қатысушылар комиссия алдында өздерінің бизнес идеяларын қорғады.

 

Анықтамалық

 «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қатысуымен өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған. Бағдарлама «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті халықтың өмір сүруінің жоғарғы сапасына: әлеуметтік ортаға, білім беруге, мәдениетке және спортқа қолжетімділікті ұлғайту мақсатында жүзеге асырылуда.

 «Менің елім» бағдарламасы Қор компаниялары орналасқан, еншілес компаниялар қала қалыптастырушы болып табылатын аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар топтамасын біріктірді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – аймақтардағы елдің өмір сүру деңгейін Астана және Алматы қалаларындағыдай деңгейге дейін жоғарылату.


Басқа жаңалықтар