Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамыту бойынша науқан басталды

Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамыту бойынша науқан басталды

#ItsAllAboutAbility республикалық ақпараттық науқанының алғашқы кезеңдерінің бірі мүгедектігі бар балалардың футбол бойынша ҚР чемпионатының соңғы матчына қатысуы болды. Дәстүр бойынша, ойын алдында алаңға футболшылармен бірге балалар еріп шығады. Бұл жолы спортшыларды футбол академиясының тәрбиеленушілерімен бірге ерекше қажеттіліктері бар балалар да шығарып салды.

#ItsAllAboutAbility ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жөніндегі ақпараттық кампанияны БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Оның мақсаты - балалардың, әсіресе осал топтан шыққан балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, барлық балалардың спортпен шұғылдануы үшін қолайлы орта құру және олардың дамуы мен әлеуметтенуін маңызды жағдай ретінде қарастырып, оларға мүмкіндіктер жасау.

Ерекше қажеттіліктері бар 12 бала ата-аналарымен бірге «Астана-Арена» стадионына келді. «Астана» ФК әкімшілігі оларға тосын сый дайындады: матч алдында елордалық команданың капитаны Ненад Эрич жас қонақтарды қарсы алды. Ол балалармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі және естелік суретке түсті. Өз кумирлерін алғаш рет көрген балалардың қуанышында шек болмады.

Ал басқа спортшылар балаларға ашық хаттар жазып, оларға денсаулық, табыс және жеңістерге ұмтылуға күш-жігер тіледі.

«Мен ұйымдастырушыларға балаларға осы матчтың бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін ризамын. Балалар осы күнге дейін мұндай сыйлық туралы тек армандай алатын еді! Ерекше қажеттіліктері бар балалардың халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларға қатысуы қоғамның мүгедектігі бар адамдарға деген толерантты қарым-қатынасын дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті ерекше қажеттіліктері бар баланың анасы Светлана Шрейдер.

Жанкүйерлердің қолдауларының сүйемелдеуімен балалар спортшыларды алаңға шығарып салды және олармен бірге әнұран орындады. Балалардың айтуынша, бұл олардың өміріндегі ең қызықты және бақытты минуттардың бірі болды.

 «Бүгінде біз қоғам, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мүгедектігі бар балалар үшін достық орта құруда біріккенін, ортақ күш-жігердің нәтижесінде олар үшін инклюзивті секциялар құрылуын, олардың тең құқықтармен қамтамасыз етілуін және көңіл бөлінбеуден бастап масылдық көңіл-күйінің дамуына дейінгі жағдайлардың болмауын қалаймыз. Сондай-ақ, біздің #ItsAllAboutAbility науқанымызға қосылған барлық адамдарға алғыс білдіргім келеді», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Сонымен қатар, ол #ItsAllAboutAbility эстафетасы «Ертіс» футбол клубына оны одан әрі аймақтарда ілегірлету үшін берілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, ақпараттық науқан аясында, Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде және сауда орталықтарында «ерекше» балалардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға шақыратын көрнекі материалдарды орналастыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, #ItsAllAboutAbility науқанына кез келген ұйым немесе белсенді азамат қатыса алады. Ол үшін мүгедектігі бар балаларға арнап немесе олардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру және оны әлеуметтік желілерде және БАҚ-та #ItsAllAboutAbility бірыңғай хэштегімен жария ету қажет. Ресми визуалды құрамдауышты (логотиптер, қаріптер) алу үшін «Samruk-Kazyna Trust» Қорына жүгінуге болады.


Басқа жаңалықтар