Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Қазақстанда балалардың тілін дамытуға арналған бірегей жинақтар әзірленді

Қазақстанда балалардың тілін дамытуға арналған бірегей жинақтар әзірленді

«Белсен» Әлеуметтік бастамалар орталығы» ҚБ-ның қазақстандық қоғамдық қызметкерлер балалардың сөйлеу қабілетін, шағын моториканы, дыбыс еліктеу дағдыларын дамытуға, тіпті көру қабілетін жақсартуға көмектесетін «Kishkentai» логопедиялық жиынтығын шығарды. Жинақтар өндірісі Алматы қаласында іске асырылады және Қазақстанда аналогтары жоқ.

Әрбір жиынтықта логопедиялық сабақтарға арналған 15 ойын тренажерлары кіреді, екі тілде (мемлекеттік және орыс) толық нұсқаулықпен. Ата-аналар мен мамандар баланың сөйлеу және тыныс алуын дамытуға қызықты түрде көмек көрсете алады.

Айта кетейік, қазақстандық тренажерлардың жиынтығы шетелдік аналогтерден 8 есе арзан. «Kishkentai» өз өнімдерін дайындау үшін АҚШ, Еуропа және Ресейден сертификатталған және гипоаллергенді шикізатты пайдаланады. Жинақтарды әзірлеуге логопедтер мен дефектологтар қатысты, бірнеше ай бойы Алматы мен Нұр-Сұлтан абилитациялық орталықтары мен түзету кабинеттерінде сынақ жүргізілді.

«Алғашқы тренажерлер жеке пайдалану үшін сынамалы түрде жасалды және онда қателіктер болды, алайда уақыт өте келе, оқу құралдар ұқсас проблемалары бар басқа балаларға да пайдалы болады деген түсінік келді. Осылайша, анасының әуесқой жобасы басқа ата-аналарға балалардың сөйлеу тілін дамыту мен іске қосуға көмектесетін кәсіби жиынтығы болды. Жобаның маңызды әлеуметтік құрамдас бөлігі бар - жиынтықтарды сатудан түскен табыстың 10% ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағыттайтын боламыз», - дейді «Kishkentai» жинағын жасаушылардың бірі Гүлмира Пармышева.

Бүгінде Қазақстанда сөйлеу қабілеті бұзылған және басқа да менталдық бұзылыстары бар 300 мыңға жуық бала бар. Ата-аналардың көпшілігі балаларды уақытылы түзету мәселелерімен, мемлекеттік мекемелерге кезектермен, жеке мамандардың (логопедтердің, дефектологтардың) қызметтеріне жоғары бағалармен және басқа да көптеген проблемалармен жиі кездеседі. Дәл осы мәселе Гүлмира Пармышеваны КЕҰ құруға және ата-аналарға арналған логопедиялық жинақтарды іске қосуға итермеледі.

Гүлмира мен оның әріптесі Айгүл Мұстафина «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып жатқан «Әрекет» жобасына қол жеткізді. Бұл жоба әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған және «Белсен» Әлеуметтік бастамалар орталығы» ҚБ де өз ісін іске қосу үшін грант жеңіп алды. Бұл қаражатқа өндіріске қажетті материалдар мен жабдықтар сатып алынды.

Тұсаукесер аясында қонақтар жиынтықтың «ішкі бөлімімен» және олардың функционалдық ерекшеліктерімен толық танысып, мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысатын өндіріске барып, елдің емдік ойыншықтарын жасауға қатыса алды.  

«1 сағат дамыту сабақтары орташа есеппен 4000 теңге тұрады, айына 80 мың теңгеден бастап. Көптеген ата-аналар үшін бұл қол жетпес сома. «Kishkentai» жинағы маманмен өткізілетін 3 сағат сабақтың құнымен тең, сонымен қатар мен балаға өз бетіммен көмек көрсете аламын, күнделікті онымен үйде айналысып, маман өткізетін сабақты ойын түрінде өткізе аламын», - дейді «Ерекше» баланың анасы.

Анықтамалық:

«Kishkentai» жобасының миссиясы - ерекше балаларды абилитациялау және түзетуде ата-аналар мен мамандарға көмектесу.  Біз өндіретін барлық өнім осы мақсатқа қызмет етеді.

«Kishkentai» жобасы 2018 жылдың көктемінде құрылды. Дәл сол кезде екі жас ана – Гүлмира Пармышева мен Айгүл Мұстафинада жобаны жүзеге асыру идеясы пайда болды. 

2018 жылдың маусымында тыныс алу гимнастикасына арналған алғашқы аналогтары жоқ жиынтықтар шығарылды. 2019 жылы «Белсен» әлеуметтік бастамалар орталығы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қорынан әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Әрекет» жобасының грантына ие болды.


Басқа жаңалықтар