Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Нұр-Сұлтанның шет ауданында жаңа отбасылық аула клубы ашылды

Нұр-Сұлтанның шет ауданында жаңа отбасылық аула клубы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасынан шыққан балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа «Замандас» отбасылық аула клубы ашылды. Жаңа клуб бесінші болып Өндіріс кентінде (Лесозавод) орналдасқан №49 орта мектебінің базасында ашылды.​

Қосымша білім беру және дамыту демалысымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан 200-ден астам баланы қамту жоспарлануда.

«Биылғы жылы елордада халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына арналған аула клубтарының саны көбейгені қуантады. Мұнда олар тегін білім алып, әртүрлі үйірмелерге қатыса алады, бос уақытын тиімді өткізе отырып, өзіне жаңа бағытын аша алады. «Samruk-Kazyna Trust»  қорының қолдауымен барлығы 5 клуб ашылды, онда 2 200-ден астам бала бар», - деп атап өтті. «Samruk-Kazyna Trust»  Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Замандас» клубтарында тегін  20 үйірме бар: арт-терапия, хореография, шахмат, сәндік-қолданбалы өнер, авиамодельдеу, театр үйірмесі, каратэ, музыкалық (домбыра), ушу-кунгфу, вокал, сөйлеу дамыту, тоғызқұмалақ, робототехника, ағылшын және қазақ тілі курстары және т.б.

«Биылғы жылы екі жаңа аула клубы ашылды, біреуі осында, Өндіріс кентінде, ал екіншісі Силикатный кентінде. Мұнда, негізі, даму орталықтары өте аз. Әсіресе, өз қызметтерін тегін ұсынатын. Бұл тұрғыда әлеуметтік жағынан осал отбасылар үшін қиын. «Замандас» отбасылық аула клубында балалар футбол, хореография, шахмат, вокал, қоян-қолтық күрес сияқты үйірмелерде жаттығулармен айналыса алады», - деді «Замандас 21» ҚҚ директоры Ләззат Алшынова.

Сондай-ақ, жаңа клубта медиация кабинеті ұйымдастырылған, онда «Замандас» клубының мамандары әзірлеген «Бақытты отбасы» клубы аясында психологтың ата-аналармен және балалармен жұмысы жүргізілетін болады.

Жыл сайын «Бақытты отбасы» клубы ата-аналарға көмек көрсетеді, олар үшін отбасындағы қолайлы жағдай жасауға, ересектер мен балалар арасындағы өзара түсіністікке бағытталған тренингтер мен кеңестер ұйымдастырады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Клубтарға арналған үй-жайларды астана әкімдігі сенімгерлікпен  басқаруға берді.

Естеріңізге сала кетейік, «Замандас» ҚҚ әлеуметтік жобасы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Нұр-Сұлтан қаласында 2000-ға жуық бала тегін білім алып, жаттығуларға қатысады. Қазіргі уақытта 5 «Замандас» аула клубы жұмыс істейді.

Анықтама:

«Замандас» клубы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Замандас 21» ҚҚ жүзеге асыратын «Балалар мүддесіндегі қозғалыс» жобасы аясында ашылған.

Қазіргі таңда елордада Алматы ауданында Абай көшесі 92/2, Ш. Құдайбердіұлы көшесі 28, Шалкөде көшесі 2 және Байқоңыр ауданында Р. Қошқарбаев көшесі 44, Сарыадыр көшесі 3 «Замандас» 5 аула клубы жұмыс істейді. Балаларды «Замандас» аула клубтарының біріне жазу үшін ата-аналарға келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады: 8 775 159 15 14, 8 701 999 36 43.


Басқа жаңалықтар