Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Балаларға арналған оңалту орталықтарында жұмыс істейтін алғашқы мамандар дайындықтан өтті

Балаларға арналған оңалту орталықтарында жұмыс істейтін алғашқы мамандар дайындықтан өтті

Бүгін «Логопедия» бағыты бойынша оқуды аяқтаған алғашқы 13 медицина қызметкеріне біліктілікті арттыру сертификаты тапсырылды. Олар ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған 8 жаңа оңалту орталығының жұмысына тартылатын республикадағы 220 дәрігердің құрамына кіреді.

Бұл орталықтар Нұр-Сұлтан, Атырау, Тараз, Өскемен, Ұзынағаш,   Шымкент, Рудный және Орал қалаларында 2020 жылдың қыркүйек айының соңына дейін ашылады.

Оңалту орталықтарының ашылуы мен медицина қызметкерлерін оқытуды Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы «Қамқорлық» корпоративтік қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп ұйымдастырды. 

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры осы орталықтарды ашу үшін мамандарды даярлауды және реабилитологтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, ал «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан барлық орталықты заманаиу жабдықтармен толық қамтамасыз етеді. 

Мамандарды даярлау орталықтардың жұмысын ұйымдастырудағы маңызды міндет болып табылады, себебі, барлық аймақта жоғары білікті кадрларға деген қажеттілік өте жоғары. 

Медицина қызметкерлерін даярлау екі кезеңнен тұрады - Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу ұйымдардың базасында, содан кейін шетелдік және қазақстандық тәлімгерлердің жетекшілігімен орталықтың өзінде өтеді.  

Әрбір орталықта 29 дәрістен өткен маман жұмыс істейді. Бұл дәрігерлер, реабилитологтар, неврологтар, психологтар, логопедтер, дефектологтар, эрготерапевтер, емдік-дене шынықтыру нұсқаушылары және т.б. 

Жекелеген орталық айына 50-ге дейін, ал жылына 600 баланы қабылдайды. Сонымен қатар балалардың шамамен 30 пайызы ауылдық жерлерден болады деп жоспарлануда.

Жалпы, медициналық мекемелердегі 8 оңалту орталықтың жұмысы елдегі оңалтудың сапасын жақсартып, мұқтаж жандардың осындай мекемелерге қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.


Басқа жаңалықтар