Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Алғыс айту күні қазақстандықтар бір-біріне ерекше құрмет көрсетеді

Алғыс айту күні қазақстандықтар бір-біріне ерекше құрмет көрсетеді

Жыл сайын 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке адамдарды жақындары мен айналасындағыларға алғыс білдіруге шақырады. Бұл күн мейірімділік пен ашықтықты, бір-біріне деген ізгі ниетін білдіруді білдіреді.

Алғыс күніне арнайы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры түрлі әлеуметтік жобалар арқылы қайырымдылық көмек алған адамдар туралы әңгімелейтін әлеуметтік роликті ұсынады.  

Роликтің сюжетінде - түрлі ұрпақтың тағдыры. Өмір - бұл күнделікті кедергілермен күрес, өзіңді жеңу жолындағы жұмыс, жаңа мүмкіндіктерді іздеу арқылы адамдар қалай өмір сүреді? Қазақстанның қайырымдылық ұйымдары мен арнайы орталықтар жұмысының арқасында олардың өмірі қалай өзгеруі мүмкін?

Дияс Әзбергенов, «Samruk-Kazyna Trust» Қорының бас директоры:

- Осы ролик арқылы біз барлық қайырымдылық көмек алушыларға, серіктестерімізге «рахмет» деп айтқымыз келеді. Біздің жұмысымыздың барысында біз көптеген жетістіктерге жеттік. 1 000 000-нан астам адам біздің бенефициарлар атанып, қайырымдылық көмек алды. Олардың барлығы - еліміздің түкпір-түкпірінен келген қарапайым азаматтар. Біз үшін көмекке мұқтаж әрбір адамның қолдау тапқаны өте маңызды.

Мереке құрметіне біз әр түрлі жастағы және кәсіптегі адамдардан осы күні кімге алғыс айтқылары келетінін сұрап едік, жауап ретінде көптеген жылы лебіздер алдық.

Аружан Саин, «Мейірімділік» Ерікті қоғамы» ҚҚ басшысы, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Мен үшін ең үлкен алғыс, бұл айналадағы адамдардың бір-біріне жақсылыққа деген сенімді сыйлай алуы.

Бір күні біз «Балаларға өмір сыйла» жобасының арқасында операциядан өткен баланың әкесінен алғыс хат алдық. Ұлы ауырып қалған кезде оған аман қалу мүмкіндігінің аз екенін айтқан. Балаға Қазақстанда болмаған күрделі операция қажет болды. Ата-анасы «МЕҚ» ҚҚ-на жүгінді және бірнеше күннен кейін олардың шетелдік клиникаға барып ем алуға мүмкіндік туғаны хабарланды. Баланың әкесі осы жаңалыққа сенер сенбесін білмеді. Бір ай өткен соң бала дені сау және көңілді болып қайтып келгенде, әкесі өзіне көмек көрсеткені үшін, ең қиын сәтте қолдау көрсеткені үшін алғыс ретінде ұлын өз елі мен халқына адал еңбек ететін нағыз азамат етіп өсіруге уәде берді.

Айнұр Нұрхожаева, «Қасиетті жол» Оңалту орталығының жетекшісі:

- Сіз балаларымыздың кішкентай жүрегінде махаббат ұшқынын жағып, жанкешті ата-аналарға үміт сыйлап, «Қасиетті жолда» жұмыс істейтін әрбір адамның көңіліне сенім ұялатуға көмектесесіздер. Ғажайыпқа сену керек, нәтиже міндетті түрде болады! Құрметті достар, Сіздерге «Қасиетті жол» Оңалту орталығының атынан, ерекше балалардың аналарының, өз ісін сүйетін адамдардың атынан шексіз рахмет айтамын!

Айкен Нұрсейітова, Ақтөбе қаласы №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі:

- Мен түзету кабинетіне келіп жатқан балалар мен олардың ата-аналарына олардың болашаққа деген сенімі мен үміті үшін алғысымды білдіремін. Бұл бізді кәсіби және адами тұрғыда дамуға ынталандырады. Мен ерекше балалармен жұмыс істейтін маман ретінде маған көмек іздеп келген балалар үшін жеке жауапкершілік сезінемін және өз жұмысымда әрдайым көмектік уақытылы, сапалы әрі тиімді болу үшін тырысамын.

Элина Коняхина, 2 «В» сынып оқушысы:

- Мен анамның бізге мейірімді болғаны үшін, қамқорлық жасағаны үшін және бізге қиын болған кезде әрдайым қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Оған барлық құпияларымды айта аламын. Ал әкеме ол бүкіл отбасына ақша жинағаны үшін алғыс айтамын. «Замандас» аула клубтарын ойлап тапқан адамдарға рахмет. Онда мен бимен және суретпен тегін айналыса аламын.

Сюзан Сайед, Қарағандылық ерікті:

- Мен «Жеңіс» жобасына және ерікті достарыма «рахмет» айтқым келеді. Бүкіл ел бойынша мыңдаған адамдар бір ниет, бір идея айналасында жиналғанын ұғыну үлкен бақыт! Жобаның арқасында мен «ізгі істер» қозғалысына қатыстым және оған өкінбеймін. Сонымен қатар, біздің қымбатты ардагерлерімізге бейбітшілік сыйлағаны үшін алғысымды білдіремін.

Зульфия Габидуллина, Паралимпиада ойындарының абсолюттік чемпионы, Қазақстан Паралимпиада құрамасының капитаны:

- Мен жарыстарға қатысқан кезде маған жанкүйер болып жүрген адамдарға алғысымды білдіргім келеді. Туыстарыма және жақындарыма қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Менің бапкерім Бейсембаев Саттар Ерғалиұлы мені өз күшіме сендіргені үшін рахмет. Мен барлық адамдарға олардың ықыластылығы мен көмектесуге дайын екендері үшін ризамын!

Светлана Шрейдер, «ерекше» баланың анасы:

- Біз үшін бейімделген дене шынықтыру секцияларына бару үлкен бақыт. Өйткені, спортпен айналысу сенімділік береді, бұдан балалардың мүмкіндіктері кеңейеді. Олар шектеулі деп кім айтты? Мен қызым Ариананың жеңістері үшін үлкен мақтанышты сезінемін және балаларға барынша беріліп, олар үшін ата-аналардан кем емес қолдау көрсететін жаттықтырушыларға ризамын».

Аруа Бейхари, арбада би билеуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы:

– Менің ойымша, риза болу және алғыс айта білу - адамдағы өте маңызды қасиеттер. Маған өмір сыйлаған анама өмір бойы алғысымды білдіремін. Мені бірнеше рет құтқарған дәрігерлерге, кез келген уақытта қолдауға дайын достарыма рахмет. Мені басқа балалардан бөлмейтін мұғалімдерге алғыс.  Мен даму мен өсуге барлық мүмкіндіктер жасалған елде тұрып жатқаныма шексіз ризамын!

Абылай Мұстафин, менталдық арифметика бойынша халықаралық олимпиаданың гранд-чемпионы:

- Менің атым Абылай. Мен Нұр-Сұлтан қ. №10 мектеп-гимназиясында 4-сынып оқушысымын. Менің арманым - танымал математик, ғалым болу. Мен өз мақсатыма қол жеткізе алатыныма сенімдімін. Ол үшін мен көп оқимын, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жеңіп жүрмін. Оған маған ата-анам мен мұғалімдер көмектеседі. Мен оларға осы қолдауы үшін өте ризамын.

Севара Нұрматова, Тараз қаласындағы «Жастар мүгедектер қоғамы» ҚБ тігін шеберханасының жетекшісі:

- Мен «Тараз қаласының жастар мүгедектер қоғамы» сияқты отбасына кіру мүмкіндігінің болғаны үшін күн сайын «рахмет» айтамын, менің жұмысымның және менің тамаша жетекшімнің арқасында мен бақытты болдым. Әрине, менің өмірімнің мәніне айналған қызыма алғыс айтамын.

«Samruk-Kazyna Trust» Қорының жобалары мен жобаларға қатысу ережелері туралы толығырақ ресми сайтта біле аласыз http://www.sk-trust.kz/ru.


Басқа жаңалықтар