«Менің Елiм» бағдарламасы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасы мен әлеуметтік ортаның жоғары стандарттарына, білімге, мәдениет пен спортқа қолжеткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы бар өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға ықпал етуді көздейді.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының, оның еншілес және тәуелді компанияларының (ЕТҰ) әлеуметтік инвестицияларын тиімді басқару, қайырымдылықтың шығыны көп түрлерінен, жаңашылдығын, ұтымдылығын, жоғары сапада жүзеге асырылуын ескеріп, жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік бастамаларын қолдау мен қаржыландыруға көшу;
Жергілікті қоғамдастық пен өңір тұрғындарының игілігі үшін жауапты әлеуметтік серіктестік негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының жергілікті билік органдарымен және қоғаммен ынтымақтастық қарым-қатынасын дамыту;
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының, оның еншілес және тәуелді компанияларының (ЕТҰ) оң бет-бейнесін қалыптастыру және барлық мүдделі тұлғалардың сенімін арттыру.
Өмір сүру сапасының жоғары стандарттарының сөзсіз құнды екенін мойындау негізінде жергілікті қоғамдастықтарға стратегиялық әлеуметтік инвестициялар құюдың тиімді үлгісін әзірлеу;
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы қызметкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және оларды әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларға белсенді қатысуға тарту;
Жастардың, балалар мен қарттардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын, тұрғылықты жерлерінде демалыс, мәдениет, өнер мен спорт инфрақұрылымына қолжеткізуін қамтамасыз ету.