Хабарлама сәтті жіберілді
Қаріп өлшемі
А-
А+
Сайттың түстері
Aa
Aa
Aa
Сурет
Қазақ
Қор туралы Жобалар БҰЛ ПАЙДАЛЫ Баспасөз орталығы ИГІ ІСТЕР КҮНТІЗБЕСІ Менің Елiм Серіктес болу Құжаттар Жылдық есеп


Вебинар "Әлеуметтік желілерде КЕҰ-дың жұмысын қалай құруға болады: неден бастау керек және не істеу керек?"

Вебинар "Әлеуметтік желілерде КЕҰ-дың жұмысын қалай құруға болады: неден бастау керек және не істеу керек?"

Егер сіз - коммерциялық емес ұйымның, әлеуметтік жобаның немесе бастамашыл топтың өкілі, яғни біздің пікірлестеріміз болсаңыз, біздің міндетіміз - сіздің жұмысыңызды тиімді әрі кәсіби етуге көмектесу.

 «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының біртіндеп қолжетімді және жылдам білім беру алаңына көшіп жатыр. Біз өзіміздің, пікірлестеріміздің және серіктестеріміздің жинақтаған білімін жүйелеп, оларды ашық сабақтар, вебинарлар, митаптар (бейресми кездесулер), баркемптер (бейресми конференциялар), жай жиналыстар және т.б. арқылы беруді жоспарлап отырмыз.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 12 қазан күні "Әлеуметтік желілерде КЕҰ-дың жұмысын қалай құруға болады: неден бастау керек және не істеу керек?" тақырыбында вебинар өткізеді.

Вебинарды жүргізетін Қордың digital-менеджері – Әбдінәби Сұңғаттың ірі холдингтердің және жеке компаниялардың ресми парақшаларын ілгерілетуде, әлеуметтік желілерде фото және видео контент, және сараптама жасауда 3 жылдан аса тәжірибесі бар.

         Басталуы: 12 қазан сағ. 15:00

         Ұзақтығы: 60-80 минут.

 

Сіздердің алдын ала сұрақтарыңызға жауап берейік:

1. Вебинар кімге арналған?

- Коммерциялық емес ұйымның, әлеуметтік жобалардың және басқа да қызығушы тараптардың өкілдері үшін.

2. Сіз вебинарда не біле аласыз?

- Вебинарда сіз әлеуметтік медианың, технологияның маңыздылығын және өз парақшаңызды қалай дұрыс жүргізуге болатынын білетін боласыз.

3. Вебинарды қалай тыңдауға болады?

- Сізге көрсетілген сілтемені басу арқылы анкетаны толтырып, міндетті түрде тіркеуден өту қажет. Ары қарай, біз сіздің электронды поштаңызға вебинарды тыңдауға арналған сілтемені жібереміз.

4. Вебинарға техникалық жағынан қалай дайындалу керек?

Сізде онлайн режимде сұрақ қою мүмкіндігін беретін youtube аккаунтының болуын ұсынамыз. Егер youtube аккаунтыңыз болмаса және оны ашуды қаламасаңыз, вебинар кезінде сұрақтарыңызды +7 702 824 1050 нөміріне  ватсап арқылы бағыттай аласыз.

*Сонымен қатар, вебинардың алдын ала презентациясының сілтемесін 2018 жылдың 11 қазаны күні біздің сайттан жүктей аласыз, презентация вебинардың негізгі бағыттарымен алдын ала таныс болуға мүмкіндік береді.

Вебинарға арналған презентацияны https://goo.gl/UcUAus сілтемесі арқылы жүктей аласыз. 

 

Вебинарға қатысты барлық сұрақтар бойынша, YouTube аккаунтын ашу бойынша бізге: +7 700 449 90 50, +7(7172)576-937 байланыс телефондары арқылы немесе ainurpm@gmail.com электронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Өткізілу күні және уақыты
12-10-2018 15:00
Өткізілу орны
YouTube