Қор туралы

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Министрліктер мен мемлекеттік органдардың көмегімен әлеуметтік маңыздағы және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобаларын дайындайды.  

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» байқау негізінде үздік республикалық қоғамдық ұйымдарды анықтап, оларға қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін қаражат бөледі.  

Загрузка видео...

БІЗДІҢ ТАРИХ

2010 жылдан  2015 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы әр түрлі әлеуметтік маңыздағы салаларда қайырымдылық және демеушілік жобаларын  Бірыңғай оператор - «СК-Астана» арқылы қолдады.

Осы уақыт ішінде біздің Қор: 

  • әлеуметтік маңыздағы жобаларды сапалы таңдап алу жүйесін құрды;
  • қаржыландыру рәсімінің анықтылығын қамтамасыз етті;
  • әр жобаның нәтижелілігін жоғарылатты.  

2016 жылы қаңтарда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Бизнес трансформация бағдарламасының аясында Бірыңғай оператор - «СК-Астана»  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып қайта құрылды.

БІЗДІҢ МИССИЯ

Қазақстан Республикасы азаматтарының өркендеуіне және халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға көмектесу.

БІЗДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫМЫЗ

Тиімділік
Әлеуметтік маңыздылық
Жүйелілік
Ашықтық

БІЗДІҢ БАСЫМДЫЛЫҚТАР

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру саласындағы жетекші әлемдік тәжірибені зерттеп

Демеушілік және қайырымдылық қызметін жүйеге келтіру саласындағы өзіміздің бірегей тәжірибемізге негізделіп

Қазақстан Республикасындағы салалық мекемелер мен Үкіметпен тығыз ынтымақтастығымыздың арқасында

БІЗ ҚОР ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАДЫҚ

Әлеуметтік және медициналық сектордағы қоғамдастықтар мен адамдарға көмектесеміз
Медиа, мәдени қоғамдастық пен адам әлеуетін дамытамыз
Ұлтаралық және еңбек қатынасын нығайтамыз
Жергілікті және бизнес бастамаларын қолдаймыз
Әлемнің спорттық аренадағы «астана» беделін көтереміз

БІЗДІҢ ЖҰМЫСТАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

1
Әлеуметтік серіктестік жолымен қоғамның әр саласындағы әлеуметтік мәселелерді шешу;
2
Әлеуметтік маңыздағы жобаларды жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдардың белсенділігін өсіру;
3
Адам потенциалын дамыту,халыққа әлеуметтік маңыздағы қызметтер көрсетуде үкіметтік емес сектордың қызметкерлері мен жергілікті атқару органдары өкілдерінің құзыретін көтеру;
4
Әлеуметтік мәселелерді шешуде халықтың сауаттылығын жоғарылату;
5
Еріктілердің қозғалысын дамыту;
6
Қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизм градусын жоғарылату.